
Атырау қаласында таңертең «Дина» базарында өрт шыққаны туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Контейнер түріндегі киім бутиктерін жалын шарпыған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте от ашық түрде таралып, көрші сауда орындарына өту қаупі туындаған.
Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында жалынның таралуына жол берілмей, шамамен 500 шаршы метр аумақтағы өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
В Атырау -5