Атырау, 25 сәуір 11:01
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Bek Air әуекомпаниясының үстінен арыз түсті

1 930 просмотра


Bek Air әуекомпаниясы билет ақысын қайтармай жатқаны үшін сот алдында жауап беретін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

31 қаңтарда Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының сотына Bek Air әуекомпаниясының үстіне компанияның қызметін пайдаланған тұтынушылар құқығы бұзылғаны туралы арыз берді. 

Комитет арызында тұтынушылар құқығы бұзылғаны, өйткені Bek Air сатып алынған әуебилеттерінің және көрсетілмеген қызметтердің (әуекомпанияның ұшу рейстері тоқтатылды) қайтармай жатқаны айтылады.

Комитет өкілдері 20 адамның ведомстводан көмек сұрағанын айтты, олар бұрындары 444 434 мың теңгеге билет алған. 

Осыған дейін әлеуметтік желіде және БАҚ-та билет алып, оны пайдалана алмаған адамдар өз ақшаларын қайтара алмай жүргені айтылды. Сондай-ақ, әуекомпания билет ақысын қайтаратынын бірнеше рет мәлімдеген. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

4 ақпан 2020, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.