Атырау, 25 сәуір 20:54
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстанда банк қосымшасы арқылы қылмыс жасаған полковник ұсталды

Бейнежазба
2 309 просмотра


Қорғаныс министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы парамен ұсталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Видеодан әскери шенеуніктің заңсыз сыйақысы алдымен танымал банк қосымшасы арқылы жіберілгенін көруге болады. Осы ақшаны алған кезде күдіктіні ұстау операциясы өткізілді.

Ресми мәліметке сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қорғаныс министрлігімен бірлесіп, пара алғаны үшін күдікті болған полковник, "ҚР қорғаныс министрлігінің БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті" РММ басшысын әшкереледі.


Ол қол астындағы қызметкерінен қызмет бабында көтермелеу және жеке қамқорлығы үшін қомақты көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

"Күдікті ұсталып, Орал қалалық уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оның кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды", - делінген ресми хабарламада.

Дереккөз: Sputniknews.kz

5 ақпан 2020, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.