Украинада қатерлі ісіктен жыл сайын 90 мың адам көз жұмады екен. Мемлекет онконауқастар бойынша Еуропада екінші орында. Дерттің алын алу мен емдеу жолдарын жетілдурі үшін Киевте арнайы конференция өтті.
«Ходжкин лимфомы» деген диагноз Инессаға 2014 жылы қойылыпты. Мұндай ауру түрін бұрын соңды естімеген жас қыз емделемін деп еш ойламаған. Ракты емдеу қымбат және бос әурешілік деп салы суға кетсе де, күресіп көруге бел буады. Алғашында ем бойына қонбай қояды, соның салдарынан дерті асқынып, жарты жылдан кейін жілік майына операция жасатады. Ем-домына жұмсаған 8 мың доллар ақшаны да әупіремдеп жүріп өзі жинайды. Содан бері 4 жыл өткен. Қазір өзін жақсы сезінеді.
Инесса Матюшенко, жергілікті тұрғын: - Әр онкоклиент өз ауруы туралы толық ақпаратпен танысуы тиіс. Байбаламға салмай, ем протоколы мен диагнозын толық зерттегені дұрыс. Мен, мысалы, диагнозы қойылған, бірақ эмоцианалды түрде жеңілген адамға көмек керсеткім келеді. Қазір Инесса «рак» деген сұмдық диагнозды естіген жандарды жұбатумен айналысады. Келешекте онкоаурумен кешенді түрде күресе алатын мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асқанын қалайды. Денсаулық министрлігі «паллиативтік көмек» жайлы реформаны қабылдаған еді, оған қазына қаржысынан 40 млн доллар бөлінген. Бұл дегеніміз ракты ерте бастан анықтайтын көмек түрі: азаматтарға ракты дер кезінде анықтайтын тегін медициналық қызмет ұсынылған.
Андрей Семиволос, Украина денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары: - Бұл бағдарлама скринингтен басқа да диагностика бағдарламасын және оңалту жолдарын қамтиды. Паллиативтік көмек өз алдына, бүгінгі емханаларда паллиаттивтік бөлімдердің өзі жетіспейді. Рак ауруы бойынша маман тапшылығы және бар. Денсаулық министрлігі мемлекеттің бұл көмегі балалардың жүз пайызына жетеді дейді. Ал үлкендердің әзірге алпыс пайызы ғана медициналық көмек пакетіне жүгіне алады. Дәрігерлер, әсіресе ауылдағы адамдар емделуден бас тартады. Бұл ретте клиникалық зерттеуден де бас тартпаған жөн.
Марианна Дмитришин, онколог: - Науқастар клиникалық зерттеу дегенді естігенде естері шығады. Олар бірден эксперимент бізге керек емес деп сенімсіздік танытады. Алайда клинкалық зерттеу дегеніміз инновациялық ем алудың жақсы мүмкіндігі әрі тегін. Клиникалық зерттеу дегеніміз көбіне еуропа мен батыс елдеріне тиесілі. Дәрігерлер украиналықтардың көбісіне сүт безі мен өкпе қатерлі ісігі деген диагноз қойылатынын айтады. Қатерлі ісік Украинадағы әр төртінші ер адам мен әр алтыншы әйелден табылады екен. Сондықтан ерте қаралған адамның толық жазылып кетуге мол мүмкіндігі бар.
Дереккөз: 24.kz