Атырау, 24 желтоқсан 05:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Барлық жаңалық

16-ға жетіп көр Басқа жаңалықтар

16-ға жетіп көр

Алмагүл ықшам ауданындағы үш 16 қатарлы үйде жаңа жеделсатылар орнату басталды. Жабдықтарды ауыстыру республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттарды тұрғындардың келісілген кесте бойынша қайтаруын көздейтін ТКШ-ны терможаңғырту бағдарламасы бойынша жүзеге асып жатыр. Адамдарға шарттар таратылды, алайда барлығы бірдей құжатқа қол қоюға асығар емес. 26 қыркүйек 2013, 16:36 2 885 рет қаралды
Алаңдағы түнгі шабуыл Оқиға

Алаңдағы түнгі шабуыл

Атырауда жексенбіге қараған түні Исатай—Махамбет алаңында бірнеше бұзақы серуендеп жүрген үш жас қызға шабуыл жасапты, екеуі қашып кеткен, ал біреуі қылмыскерлердің қолына түсіп қалыпты, олар жүргіншілерден де, бейнебақылау камераларынан да қорықпай, оны пышақпен тілгілеп тастапты деген қауесет желдей есті.  26 қыркүйек 2013, 00:00 2 487 рет қаралды
Оқиғалар хроникасы Оқиға

Оқиғалар хроникасы

Қыркүйектің 21-інде кешкісін Атырау ықшамауданында Жібек жолы көшесіндегі жеке үйдің ауласында сарай өртенді. Жылыой АІІБ-не Құлсары қаласының 30 жастағы тұрғынынан шағым түсті. Оның үйіне Қосшағыл селосынан 28 жастағы танысы кіріп келіп, күшпен қолындағы 2 алтын сақинасын шешіп алып, көзден таса болған. 26 қыркүйек 2013, 00:00 2 288 рет қаралды
Қоқыс жанындағы ойын Басқа жаңалықтар

Қоқыс жанындағы ойын

Қоқыс салатын лас урнаны қос қолымен ұстап, үстінде тербелген қыз, қоқыс контейнеріне тас пен кірпіш сынықтарын лақтырып ойнап жүрген көңілді сәбилер тобы, трансформатор будкасына доп лақтырған жасөспірімдер... Жайлы үйлерде тұрып жатқан тұрғындар бұлай болатынын елестете алмайтын да шығар. Алайда... 26 қыркүйек 2013, 00:00 2 120 рет қаралды
Күмәнді вакцина Қоғам

Күмәнді вакцина

1 қазанда Атырау облысында папилломавирусты инфекцияға қарсы вакциналау бойынша пилотты науқан іске қосылады. Естеріңізге салсақ, әуел бастан-ақ, денсаулық сақтау министрлігінің 11-12 жастағы қыздарды жаппай вакциналау туралы шешіміне күдікпен қараған едік. Кейбіреулер таңдалған вакциналар жеткілікті тексерілген деп есептейді. Ал облыстағы қазіргі науқанға 114,5 млн теңге бөлінді. 26 қыркүйек 2013, 00:00 3 179 рет қаралды
Махамбеттің найзасы Мәдениет

Махамбеттің найзасы

Ш.Сариев атындағы облыстық өнер музейінде өткенМахамбет Өтемісұлының 210 жылдығына арналған байқау-көрмеде қатысушылардың ерекше назары атыраулық қолөнер шебері Кеңес АЙЫПҚАЛИЕВТЫҢ (суретте)«Махамбеттің найзасы» жұмысына түсті. 26 қыркүйек 2013, 00:00 8 143 рет қаралды
Шабыттандырған шара Мәдениет

Шабыттандырған шара

13 және 18 қыркүйек аралығында Астраханда«СелиАс-2013» V білім беру форумы өтті. Оған Ресейдің 21 өңірінен, сондай-ақ, Беларусь, Украина,Армения, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Иран және Қазақстан елдерінен келген жастар қатысты. 26 қыркүйек 2013, 00:00 2 257 рет қаралды
Өрт сөндірушілер сахнада Басқа жаңалықтар

Өрт сөндірушілер сахнада

Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театр сахнасындағы өртті сөндіру үшін өрт сөндірушілерге жеке құрамдағы 45 адам мен 8 көлікті жұмылдыруға тура келді. Атырау облыстық ТЖД мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 23 қыркүйекте өрт тұтанған, бірақ бұл гарнизондық өрт-тактикалық жаттығулары екен. 26 қыркүйек 2013, 00:00 1 909 рет қаралды
Сенбілік кештегі қарбалас Қоғам

Сенбілік кештегі қарбалас

Отызға тарта жас жігіттер мен қыздар сенбілік кештерін ерекше өткізді: олар бес сағат бойы Аяз атаны, тату салынған қыздарды және жас жұбайларды қала ішінен іздеп шарқ ұрды. Тапқандары мас кісіше мойындарына асыла кетті. Не үшін? Суретке түсу үшін. Өйткені фото аңшылық басталды. 26 қыркүйек 2013, 00:00 4 983 рет қаралды
Псай кейпіндегі тағы бір бейнебаян (бейнежазба) Мәдениет

Псай кейпіндегі тағы бір бейнебаян (бейнежазба)

Атыраулық пародияшы Қадырбек НАЗИРОВ оңтүстік кореялық орындаушы PSY репертуары ізімен екінші «Gentleman» бейнебаянын түсірді. Бейнебаян әйгілі болу жағынан алғашқысынан да кем түспеді және бұл жолы оған қала әртістері мен Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театры актерлері қатысты. 26 қыркүйек 2013, 00:00 5 452 рет қаралды
Жол бойында сақ бол! Басқа жаңалықтар

Жол бойында сақ бол!

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы базасында мектеп жасындағы балалар мен жастар арасындағы жол-көліктік жарақаттанудың алдын алу онкүндігі аясында баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. 26 қыркүйек 2013, 00:00 2 098 рет қаралды
Қымбат құрал қарап тұр Басқа жаңалықтар

Қымбат құрал қарап тұр

Атырау облысы бойынша ревизиялық комиссия облыстың медициналық мекемелерін тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар, атап айтсақ, қымбат бағалы жабдықтардың жұмыс істемей тұру фактілері туралы хабарлады. 26 қыркүйек 2013, 00:00 1 913 рет қаралды
«Сәби күтіміне жеңіл қарамайық» Қоғам

«Сәби күтіміне жеңіл қарамайық»

Соңғы кездері медициналық қызмет көрсету жүйесі тұрақты өзгерістерге ұшырауда. Мұның бәрі бірдей пациенттерге қолайлы бола бермейді. Стационарға тек портал бойынша, ал емханадағы белгілі бір маманға алдын ала жазылу бойынша ғана қабылданады. Бұрын үнемі дәрігерлерге жүгінетін жағдайлар туындай қалса, бүгінде медиктер шыдамдылық танытып, күтуге кеңес береді. Әсіресе, әйелдерге қатысты жаңа тәсілдер көп: оларды гинекологиялық креслодан шарға отырғызды, олардың нашар болса да, зарарсыздандырылған іш көйлектерін тартып алды, емшектегі баланың кіндігіне күтім жасауға және оларға су беруге тыйым салды. Жаппай зарарсыздандыруға үйренген және үнемі медициналық көмек алатын кеңестік принциппен өскен біздің әйелдер психологиялық тұрғыда медицинаның батыстық стандарттарының енгізілуіне дайын болмай шықты. Тіпті бесінші баласын дүниеге әкелген ана үйреншікті әдетімен учаскелік педиатр үйге келіп қалар деп күтуін қоймайды. Онсыз қалай болмақ? Енді учаскелік дәрігер айына тек бір рет қана келумен шектелуі мүмкін... Осы мәселелер туралы біз облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дина КАМЕЛОВАМЕН (суретте) сұхбаттасқан едік. 26 қыркүйек 2013, 00:00 10 290 рет қаралды
Мұнайдан басқа байлық бар Басқа жаңалықтар

Мұнайдан басқа байлық бар

1963-2011 жж. аралығында (үзілістерімен) жүргізілген геологиялық-іздестіру, барлау және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Батыс Қазақстанда бор және калий өнімдерін өндіруге сенімді минералды-шикізат базасы жасалды. 26 қыркүйек 2013, 00:00 5 300 рет қаралды
Байланыс қашан ретке келеді? Басқа жаңалықтар

Байланыс қашан ретке келеді?

«АЖ» редакциясына Алмагүл ықшам ауданындағы әйелдер колониясы маңында тұратын қала тұрғындары хабарласқан болатын. Колонияда орнатылған ұялы байланысты үзетін құрылғылардың әсерінен жақын маңдағы тұрғындар ұялы телефонмен сөйлесу мүмкін болмай отыр дейді. 26 қыркүйек 2013, 16:23 2 563 рет қаралды
Жәнібек Аманов: «Әлем чемпионын тәрбиелеймін» Спорт

Жәнібек Аманов: «Әлем чемпионын тәрбиелеймін»

Шахматтан Азияның вице-чемпионы Жәнібек АМАНОВ (суретте) Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасына және Азия Ойындарына баратын жолдаманы ұтып алу үшін облыс құрамасының сапында 2014 жылғы Қазақстан чемпионатына қатыспақшы. Ол осы туралы «ЖС»-ге берген сұхбатында хабарлады. 26 қыркүйек 2013, 00:00 3 604 рет қаралды