Атырау, 25 қараша 16:53
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинада донецкілік журналист қаза тапқан

1 343 просмотра

Украина картасындағы Донецк аймағы. (Көрнекі сурет)Украинада Донецк облысынан шыққан журналист Сергей Сухобокты өлтіріп кетті деп хабарлады "Обком" ақпараттық сайты.

Сайттың хабарлауынша, "Обком" сайты мен ProUa интернет басылымының негізін салған Сергей Сухобокты сәурдің 13-іне қараған түні өлтіріп кеткен. Журналистің қалай қаза тапқаны туралы айтылмайды.

Сухобоктың үкімет күштері мен ресейшіл сепаратистер арасында ұрыс жүрген Донецк облысында я болмаса басқа жерде мерт болғаны белгісіз.

1998 жылдан бастап журналистикамен айналысқан Сергей Сухобок 2001-2009 жылдары "Обком" басылымы редакторының орынбасары, кейін тілшісі болып қызмет еткен.

Соңғы жылдары ол Украинадағы бірнеше ақпарат құралдарына шолушы, сарапшы ретінде мақала жазып жүрген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

16 сәуір 2015, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.