Полиция Қызылордада балалардың жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске салайық, балалардың жаппай улану оқиғасы 10 сәуірде №1 мектеп-гимназиясында болды.
"Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қызметтік тергеу шаралары жүргізіліп жатыр және қажетті барлық сараптамалар белгіленді. Болған оқиғаның барлық болжамы қарастырылып жатыр", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер. Аураханаға түскендердің жағдайы, полицияның мәліметінше, бірқалыпты.
Еске сала кетейік, сәрсенбі күні Қызылордадағы мектептердің бірінде 81 оқушының және екі мұғалімнің белгісіз газдан уланып қалғаны хабарланған болатын. Төртеуінің жағдайы аса ауыр екені айтылды. Оқушылардың ата-аналарына балалардың балон газынан уланған болуы мүмкін екені мәлім етілген. Бірақ кейін тағы бірнеше баланың ауруханаға түскені белгілі болды. Балалардың балон бояуынан улануы мүмкін деген болжамнан кейін ата-аналардың күмәні туды. "Дәрігерлер сынақ жасады, ауада адамдардың денсаулығына зиян келтіретін ештеңенің жоқ екенін айтты. Сондықтан, меніңше, оқушылардың бірі бұзақылық жасады", - деді №1 мектеп-гимназияның директоры Асылбек Мақашев.
Дереккөз:tengrinews.kz