Атырау, 27 қараша 05:29
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Қазақстанда «Ғылымның коммерциализациясы туралы» заң биыл қабылдануы ықтимал

1 418 просмотра

Image 0Қазақстанда «Ғылымның коммерциализациясы туралы» заң жобасы биыл қабылдануы ықтимал. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi ғылым комитетiнiң төрағасы Сансызбай Жолдасбаев мәлiм еттi.

«Мемлекет Басшысы бұл заңды 2015 жылы қабылдауды жүктеген болатын. Қазiргi уақытта заң жобасын Әдiлет министрлiгiнiң ведомствоаралық комиссиясы қарауда. Бiзде жұмыс комиссиясы құрылды. Жалпы, заң жобасы дайын тұр. Әдiлет министрлiгiнiң заң жобасы жұмыстарына енгiзу туралы шешiмiн күтiп отырмыз. Барлық салалық органдармен және мүдделi тараптармен жұмысты үйлестiрiп, жобаны қабылдау ғана қалды. Биыл оны қабылдауымыз керек, себебi ол бiзге өте қажет боп тұр», - деп атап өттi ол.

Оның сөзiне қарағанда, ғылыми зерттеулердiң тиiмдiлiгi мәселесi жоғары деңгейге өтуi үшiн арнайы заңның болғаны аса қажет.

«Ғылым мен бизнес қауымдастықтың арасындағы қарым-қатынастарды реттейтiн заңдық нормалар керек. Бiзде ғылыми зерттеулер өте көп. Бiрақ, олар өндiрiске шыға алмай отыр. Себебi, оны реттейтiн заң мен нормативтiк актiлер жоқ»,- дедi С. Жолдасбаев.

Дереккөз: inform.kz

16 сәуір 2015, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.