Атырау, 28 қараша 11:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Велосипедшілер жорығы басталады

2 039 просмотра

Image 019 сәуірде сағат 10.00-де Жеңіс саябағында 2015 жылғы вело маусым салтанатты түрде ашылып, содан кейін қала көшелерінде велосипедшілер жорығына жалғасады.

«Қозғалыс - Өмір» велосипедшілер қауымдастығы қатысушыларының бірі Эдуард НИТОКШИННІҢ айтуынша, алдымен велисопедшілерге қысқаша нұсқаулар беріліп, жиылған адамдардың санына байланысты колонналар құрылады.

Колонна сағат 11.00-де мына маршруттар бойынша қозғалады: Жеңіс саябағы - №3 орта мектеп – Авангардтағы соңғы аялдама – «Көктем» қиылысы – «Тамаша» ойын-сауық орталығы маңындағы жол айырығы - Сәтпаев және Тайманов көшелерінің қиылысы – Исатай және Махамбет алаңы. Жолда велосипедшілерді жол полициясы қызметкерлері бастап жүреді.

Ал алаңға келгеннен кейін «Банни хоп» (қоянша секіру) және «Теңге алу» байқаулары ұйымдастырылып, оған кез келген ниет білдіруші адам қатысып, көре алады.

- Көлденең тақтай қойылған екі арнайы бағана орнатылады. Алғашқы биіктік 10 сантиметр болады, қатысушылар бұл асуды бағындырғаннан кейін биіктік ұлғайта береді, - деп алғашқы байқаудың ережесін түсіндірді. – Жерден серпілгенде және қайтадан түскенде жерге аяқ тигізуге болмайды. Айта кетсек, осы байқауда күш сынағылары келетін адамдардың барлығына дуылға береміз.

Екінші байқау – «Теңге алу» қазақтың ұлттық ойыны болып саналады, алайда жылқы орнына велосипедті пайдаланасыз. Оның ережесі былай: ауданы 20х20 тегіс жерге сөре сызығы белгіленіп, үш шағын түйіншек қойылады. Қатысушылар сөре сызығынан кезекпен қозғалып, велосипедтен түспестен, аяғын жерге тигізбестен осы түйіншектерді жинап алып, сөре сызығына оралуы қажет. Ең қысқа уақытта үлгерген адам жеңімпаз атанады.

Акция қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің қолдауымен өтеді.

Анастасия ПАСТУХОВА

16 сәуір 2015, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.