Түркияның ең ірі энергия жобасы – Аккую атом электр стансасының құрылысы басталды.
Түркияның Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз бен Ресейдің «Росатом» атом энергиясы компаниясының бас директоры Сергей Кириенко стансаның іргетасын қалады, деп жазады trt.net.tr.
Жоба құны 20 миллиард долларды құрайды. Станса тек электр өндіру саласында ғана емес, өнеркәсіпте де маңызды рөл атқармақ. Құрылыс барысында 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. 4 бөлімнен тұратын стансаның алғашқы реакторы 2019 жылы іске қосылады. Станса елдің электр мұқтаждығын өтейтін болады. Аккую стансасы 60 жыл пайдаланылады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, Түркия мен Ресей Федерациясы арасында атом стансасы құрылысына байланысты алғашқы келісімге 2010 жылы қол қойылған болатын.
Дереккөз: bnews.kz
16 сәуір 2015, 15:59
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.