Адвокат Фарид ад-Диб Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарактың өлімі туралы қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайдыLenta.ru басылымы. Айта кетейік, осыған дейін бұл хабарды Иранның ақпарат құралдары тәуелсіз дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлаған еді.
Sputnik агенттігіне берген түсінігінде Хосни Мүбарактың адвокаты мұның қарапайым қауесеттер екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, шын мәнінде Мүбарактың "денсаулығы жақсы, қалыпты өмір сүріп жатыр".
Еске салайық, Мысырдың бұрынғы президентінің 87 жасында қайтыс болғаны туралы ақпаратты Иранның Fars агенттігі жариялаған болатын. Бұл ақпаратты агенттік сыртқы істер министрі Самех Шукридің Twitterжелісіндегі ресми парақшасындағы жазбаға сілтеме жасай отырып келтіргені белгілі болды. Бірақ кейін аккаунттың фейк екені анықталды. Парақшада оны Италия тілшісі Томмасо Дебенедеттидің (Tommasso Debenedetti) ашқаны жазылды.
Дереккөз: tengrinews.kz