Атырау, 6 желтоқсан 23:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы жария етілді

1 528 рет қаралды

Image 0Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы жария етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 сәуірдегі көрсеткішке сәйкес, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны барлық шарт түрі бойынша 9 986 467 бірлікке тең. Ал зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 4,7 триллион теңгеден асып түсті.

"2015 жылдың бірінші тоқсанында салымшылардың шотына бөлінген инвестициялық табыс - 58,25 миллиард теңге. Қаңтар-наурыз айларындағы зейнетақы төлемдерінің сомасы - 42,43 миллиард теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылған сома - 3,39 миллиард теңге", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, биыл 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 9 пайызға өскен болатын. Айлық есептік көрсеткіші биыл - 1982 теңге, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері - 23 692 теңге, орташа мөлшері - 11 182 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі - 21 364 теңге.

Дереккөз: tengrinews.kz

17 сәуір 2015, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.