Атырау, 11 наурыз 13:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.59
€ 572.16
₽ 6.24

Башқұртстан – Қазақстан тікелей әуе рейсі іске қосылуы мүмкін

1 993 рет қаралды

Image 0Бұндай пікірмен аймақ басшысы Рустэм Хамитов Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбекпен және Ресей көлік министрлігі өкілдерімен кездесу барысында бөлісті, деп хабарлайды «Башқұртстан Республикасы» газеті.

Оның айтуынша, әуе рейсінің қажеттілігі бұрыннан бері туындаған.

«Рейсті іске қосу қажет, - деді республика басшысы. – Уфа тұрғындарының саны бір милионннан асса, республика халқының саны төрт миллионнан асады. Қазіргі таңда біздің Қазақстанмен тиімді жобаларымыз бар. Сондай-ақ, қыркүйек айында Ресей-Қазақстан форумы өтеді».

Ресей көлік министрінің орынбасары Сергей Аристов жаңа рейсті іске қосуға ешқандай бюрократиялық кедергілердің жоқтығын атап өтті.

Дереккөз: bnews.kz


16 сәуір 2015, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.