Қазақстан мен Түркия президенттерiнiң кездесуiнiң қорытындысы бойынша жасалған бiрлескен мәлiмдеме барысында Түркия Республикасының мемлекет басшысы Реджеп Ердоған Қазақстан халқын Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Өткен жылы жазда Сiз Түркия президентiн ұлықтау рәсiмiне қатыстыңыз, осыған байланысты бiздiң жанымызда болғаныңыз үшiн алғыс бiлдiргiм келедi», - дедi Түркия президентi.
«Үш жылдан кейiн мен бiздiң ата-бабамыздың, әкелерiмiздiң отанына президент ретiнде келiп отырғаныма бақыттымын. Бұл сапардың мәнi ерекше, өйткенi биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланады. Осы айтулы оқиғамен бауырлас халықты шын жүректен құттықтағым келедi», - деп қосты Реджеп Ердоған.
Дереккөз:bnews.kz
16 сәуір 2015, 15:55
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.