Атырау, 25 қараша 16:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Бастық өз жалақысын қызметкерлердің еңбек ақысын көтеру үшін бөліп берді

1 802 просмотра

Image 0Бастық өз жалақысын қызметкерлердің еңбек ақысын көтеру үшін бөліп берді, деп жазады 24.kz.

Америкалық Gravity Payments компаниясының басшысы әрі негізін қалаушы Дэн Прайс дәл осылай істеді. Бұл үшін бастық өзінің жылдық жалақысын 93%-ға дейін қысқартқан. Бұл туралы epochtimes.ru хабарлайды. 30 жастағы топ-менеджер $1 миллион болатын жылдық жалақысын барынша азайтып, енді тек 70 мың долларға күн көрмек. Ол мұның барлығын қарамағындағылардың жалақысын көтеру үшін жасапты. Осыған дейін Gravity Payments қызметкерлері 48 мың доллар алса, енді 70 мың доллар алатын болады. Бизнесмен бұл қадамға өз қарамағындағылардың үнемі ақша жетіспейтіндігі туралы шағымдарын естуден әбден жалыққасын барғандығын айтыпты. Сондай-ақ ол ақшаның тым көп болғандығы бақыт әкелмейтіндігін, ал қаражат тапшылығы адамды бақытсыз қылатындығы туралы мақаланы оқып шыққан. Gravity Payments банк төлемдерін жасаумен айналысатын компания. Дэн Прайс оны небәрі 19 жасында өзі ашқан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

16 сәуір 2015, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.