Атырау, 28 қараша 09:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жөндеу басталды

4 588 просмотра

Image 0Атырау-Орал тас жолының Индер ауданына қарасты Атамбаев ауылынан (100-ші шақырым) Аққала ауылына (189-шы шақырым) дейінгі бөлігін жөндеу жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта жарылған жерлерді жамау үшін шайыр құю жұмыстары жүріп жатыр.

- Біз жөндеу жұмысын мамырдан бастап қолға алмақпыз. Жұмыс күші де, техника да жеткілікті, - дейді «Қазавтожол» РМК Атырау филиалының Индердегі бөлімше учаскесінің бастығы Талғат ҚАЖЫҒАЛИЕВ. Жолды жөндеуден бөлек жол белгілерін жуу, аялдамаларды жөндеу, көпірлерлердің темір жақтауларын сырлау, жолға жолақтар салу жұмыстары күтіп тұр.

***

Ауыл жолдары жаңарады

Өткен жылы басталған Индер ауданындағы ауылдардың кірме және көшеішілік жолдарын жөндеу жұмысы биыл да жалғасын тапты.

Бөдене ауылындағы 4,6 шақырым кірме және көшеішілік жолға 378 млн, Құрылыстағы 4 шақырым жолға 333 млн 416 мың, Жарсуаттағы 6,8 шақырым жолға 561 млн 148 мың теңге қарастырылған. Атырау-Индер тас жолын күрделі жөндеуден өткізіп жатқан «АтырауИнжСтрой» ЖШС бұл жұмыстарды атқаруды өз міндетіне алған.

- Өткен жылы аталған ауылдардың әрқайсысында 1,5 шақырым жол күрделі жөндеуден өткен болатын. Мердігер бұл жұмыстар қыркүйекте толық бітеді деп отыр, - дейді Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Орынғали ХАСАН.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.