Атырау, 25 желтоқсан 16:54
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Барлық жаңалық

Атырауда карантин күшейтілді (Қаулы) Атырауда

Атырауда карантин күшейтілді (Қаулы)

Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері А.Жұмағалиевтың тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында карантин шараларын күшейту туралы қаулысы шықты. 19 желтоқсан 2020, 17:25 5 867 рет қаралды
FIFA  жыл футболшысын атады Әлемде

FIFA жыл футболшысын атады

ҚазАқпарат – Халықаралық футбол федерациясы («FIFA) онлайн-форматта өтіп жатқан ресми ашылу рәсімінде жыл қорытындысын шығарды. Ерлер футболындағы жылдың үздік ойыншысы болып Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат championat.com.сайтына сілтеме жасап. Ол осы жүлдеге таласқан «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду мен «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиді басып озды. Марапаттау рәсімінің онлайн форматына қарамастан, FIFA президенті Джанни Инфантино марапатты жеңімпаздың қолына тапсыру үшін Мюнхенге келді.  Бұл – 32 жастағы футболшының алғашқы марапаты. Ал сыйлықтың бұдан бұрынғы иегері Лионель Месси еді. 2020 жылы Левандовски «Бавария» құрамында чемпионатты және Германия кубогын жеңіп алып, УЕФА чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Роберт Бундеслиганың да, Чемпиондар лигасының да үздік бомбардирі болды. FIFA марапаты француздық France Football басылымы ұсынатын «Алтын доп» сыйлығынан өзгеше.  2020 жылы журнал ең жақсы ойыншыны таңдамауға шешім қабылдаған еді. 18 желтоқсан 2020, 11:12 3 346 рет қаралды
Ұшақтан - карантин стационарына Атырауда

Ұшақтан - карантин стационарына

Атырау облысының бас санитар дәрігері Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, соңғы екі аптада жүргізілген бақылау барысында карантин ережесі бұзылған 15 факті тіркелген. Атап айтқанда, бұл - дүкендерде зарарсыздандыру құралдарының жоқтығы және қоғамдық орындарда маскасыз жүру. Атырау әуежайында әуе рейстері мен Атырау-Астрахань трассасында жолаушыларды тексеру кезінде де талап бұзушылықтар анықталды. 17 желтоқсан 2020, 15:24 3 617 рет қаралды
Атырауда тәулік ішінде 77 адам Covid-19 жұқтырды Атырауда

Атырауда тәулік ішінде 77 адам Covid-19 жұқтырды

Атырау облысында 16 желтоқсанда 77 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды,  деп хабарлайды Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. 17 желтоқсан 2020, 15:01 4 024 рет қаралды