Атырау, 25 желтоқсан 03:31
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Ақтөбеде оқушы қыз анасын өлтірді деген күдікке ілінді

1 818 рет қаралды

Ақтөбеде оқушы қыз анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Қызбен бірге оның 19 жастағы досына да айып тағылды, - деп хабарлайды tengrinews.kz "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, адам өлтірді деген күдікпен 19 жастағы жасөспірім мен 16 жастағы оқушы қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар қыздың анасын өлтірді деген күдікке ілінген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер соталды тергеп-тексеру деректерін жариялауға болмайтынын айтып, басқа мәліметтер бермеді.

5 мамыр 2022, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.