Атырау, 24 қараша 18:05
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Путин санкцияны ұлғайтатын жаңа қаулыға қол қойды

1 679 просмотра

Ресей күштері Украинаға басып кіргеннен кейін Батыс елдері Ресейге қарата қатаң санкциялар салды. Қазір Еуропа Одағы Ресейге қарата алтыншы санкциялар пакетін жариялау алдында, деп хабарлады The Qazaq Times

Ресей бұған қарсы өзінің жауап санкцияларын жариялаған болатын. Ресей президенті санкцияны ұлғайтатын жаңа қаулыға қол қойды. Ресейдің санкция тізімі "достыққа жат" тұлғалар мен ұйымдарға бағытталады. Бұлар негізінен Ресейге қарсы санкция бекітуге және жүзеге асыруға ықпал етуші тұлғалар мен ұйымдарды қамтиды. 

Путин қол қойған қаулы бойынша енді аталған санкцияға ілінген тұлғалар мен ұйымдар Ресей үшін "достыққа жат" деп табылады және оларға шикізат пен өндімдер экспортталмайды. Ресей азаматтарының да олармен жұмыс істеуіне шектеу қойылады. Путин қол қойған қаулы бойынша санкция мен оның нысанасын белгілеу үшін үкіметке 10 күн уақыт берілді.

5 мамыр 2022, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.