Атырау, 24 қараша 17:25
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әлемде мұнай бағасы өсті

1 739 просмотра

Бейсенбіде мұнай әлемдік бағасы өсе түсті. Сауда-саттық бойынша мәліметтер көрсеткендей, инвесторлар ЕО елдерінің ресейлік мұнайдан бас тарту ықтималдығын бағалап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13:15-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,39%-ға дейін өсіп, 110,57 долларға, WTI фьючерстері 0,15%-ға өсіп, 107,97 долларға жетті.

Бір күн бұрын АҚШ-тың мұнай қоры азайғаны туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін бағасы шарықтап кетті, деп жазады 1prime.ru. Ол елдегі коммерциялық мұнай қоры (стратегиялық қорды қоспағанда) бір аптада 1,3 млн баррельге немесе 0,3%-ға өсіп, 415,7 млн баррель болды.

5 мамыр 2022, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.