Атырау, 30 маусым 03:24
 дождьВ Атырау +15.9
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24

Павлодарда ҚТЖ филиалының басшысы сотталды

1 440 рет қаралды

Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы Павлодар сигнализация және байланыс бөлімі бастығының қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"С.И. Түсіпов, С.М. Иманбек және Т.М. Сәрсембинов есімді азаматтармен 2016-2021 жылдар аралығында өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, қызметкерлерден заңсыз ақша жинап келген. Сондай-ақ, ол жұмысы нақты аяқталмаған АТС жөндеуге келісімшарттар жасаған. Атқарылған жұмыс актілеріне қол қою үшін ақшалай сыйақы алған", - делінген хабарламада. 

Павлодар қаласының соты Түсіпов, Иманбек және Сәрсембиновті кінәлі деп танып, әртүрлі жаза тағайындады.

4 мамыр 2022, 19:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.