Атырау, 2 мамыр 05:27
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Ерік Мостовойдың тағдырына қатысты қоғамдық тыңдаулар жоспарланған

2 380 просмотра

Жақында «АЖ» жергілікті белсенділер Талғат АЯН мен Марат ДОСҚҰЛОВТЫҢ Ерік Мостовой каналына қатысты мәселені шешу туралы бастамасы туралы жазған болатын. Еске салсақ, олар Атырау тұрғындарының 7 мың қолын жинап, наурыз айында президент әкімшілігіне петиция жолдады. Ал ол жақта облыс әкімдігіне бұл ұсыныстарды қарауды тапсырған болатын. Кейінірек жергілікті билік Талғат Аянға Ерік Мостовойдың тағдырына қатысты алдағы уақытта қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлады.

Олардың қашан өтетіні нақты белгісіз. Еске салсақ, белсенділер Ерік Мостовой каналын көміп тастап, оның орнына демалыс аймағын жасауды, сондай-ақ жол бойына ағаштар отырғызып, демалыс аймағын жасап, аумақты абаттандыруды, канал бойына түрлі коммерциялық орынжайларды (дүкен, дүңгіршек, павильондар және т.б.), жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын, балалар ойын алаңдарын, субұрқақ, беседка және т.б. салуды талап етуде.

Жақында облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ Instagram желісіндегі парақшасында белсенділерден akimat_atyrau@atyrau.gov.kz электронды поштасы арқылы осы тақырып бойынша нақты ұсыныстар беруді сұрады. Сондай-ақ ол 2000-жылдардың басынан бері келе жатқан ұзындығы 15 шақырым болатын каналдың құрылысы іс жүзінде аяқталмағанын айтты. Ол каналдың бастапқыда көзделген функцияларды: жерасты суларының деңгейін төмендету үшін жер асты суларын дренаждау, жауын-шашын мол жауған жағдайда қаланы су басудан қорғау міндеттерін орындамайтынын атап өтті.

Айнұр САПАРОВА

4 мамыр 2022, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.