Атырау, 24 желтоқсан 00:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Барлық жаңалық

Қарабатанда Қытай азаматы инсульт соғып, көз жұмды Басқа жаңалықтар

Қарабатанда Қытай азаматы инсульт соғып, көз жұмды

22 ақпанда таңертең Қарабатандағы Біріктірілген газ-химия кешенінің құрылыс аумағында 50 жастағы Қытай азаматы есінен танып қалған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 24 ақпан 2020, 10:28 2 685 рет қаралды
Невада штатындағы демократтар таңдауында Байден жеңіліп, Сандерс жеңді Әлемде

Невада штатындағы демократтар таңдауында Байден жеңіліп, Сандерс жеңді

Вермонт штатының сенаторы Берни Сандерс 47 пайызға жуық дауыс алып, Невада штатындағы демократиялық партияның бастапқы дауыс беру процесінде сенімді түрде жеңіп шықты. 24 ақпан 2020, 10:22 1 601 рет қаралды
Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысындағы бірқатар мектеп директорларын сынға алды Қазақстанда

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысындағы бірқатар мектеп директорларын сынға алды

Білім беру саласының қызметкерлерімен кездескен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мектеп директорларын сынға алды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.  23 ақпан 2020, 15:26 3 175 рет қаралды
БҰҰ: Өткен жылы Ауғанстанда 3 мыңнан астам бейбіт тұрғын шабуылдан мерт болды Әлемде

БҰҰ: Өткен жылы Ауғанстанда 3 мыңнан астам бейбіт тұрғын шабуылдан мерт болды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға қолдау көрсету миссиясы (UNAMA) дерегінше, 2019 жылы мұнда 3404 бейбіт тұрғын шабуылдан қаза тапқан, 6 989 адам жарақаттанған. 22 ақпанда UNAMA жариялаған есепте осындай дерек айтылады. Ұйым өкілдері осымен алтыншы рет есебін таныстырды. 23 ақпан 2020, 15:12 2 728 рет қаралды
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 2442-ге жетті Әлемде

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 2442-ге жетті

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 75 936 адамға жеткен, оның 2442-і қайтыс болған. 22 888 адамның денсаулығы жақсарып, ауруханадан шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қытайдың мемлекеттік денсаулық комитетіне сілтеме жасап.  23 ақпан 2020, 10:38 2 533 рет қаралды
"Біз де алдандық". "Гарант-24 Ломбардты" жарнамалаған жұлдыздар мәлімдеме жасады Қазақстанда

"Біз де алдандық". "Гарант-24 Ломбардты" жарнамалаған жұлдыздар мәлімдеме жасады

Қазақстандық актерлер Асылхан мен Артур Төлеповтер "Гарант-24" директорларының ұсталуына және компанияның алаяқтық әрекеттеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бейнежазба 23 ақпан 2020, 10:22 3 216 рет қаралды
Вашингтон: Ресей коронавирус туралы жалған ақпарат таратты Әлемде

Вашингтон: Ресей коронавирус туралы жалған ақпарат таратты

Ресеймен байланысты мыңдаған әлеуметтік желі аккаунттары қытайлық коронавирус туралы жалған ақпарат таратты. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Филипп Рикердің айтуынша, жалған ақпарат таратуды көздейтін ресейлік кампаниялар АҚШ-тың коронавирустың таралуына қатысы бары туралы негізсіз теорияларды алға тартқан. 23 ақпан 2020, 09:43 3 258 рет қаралды
...Ішінде ненец те жүр Басқа жаңалықтар

...Ішінде ненец те жүр

Статистика департаменті Атырау облысында халықтың көші-қоны туралы өткен жылғы деректерді жария етті. Келгендер саны 25 569 адам болса, кеткендер саны - 27 461. Сыртқы көші-қон негізінен ТМД елдері арасында болған. 23 ақпан 2020, 01:43 2 988 рет қаралды
​Полиция Алматының орталық алаңын жауып, жүргіншілерді ұстауда Қазақстанда

​Полиция Алматының орталық алаңын жауып, жүргіншілерді ұстауда

Алматы қаласындағы "Астана" орталық алаңын полиция жүргіншілерден тазалап жатыр. Төлеби және Абылайхан көшелерінің, Төле би мен Панфилов көшелерінің арасында орналасқан алаң мен парк толықтай жабылған. Тілшілеріміздің жіберген мәліметтеріне қарағанда, алаң маңында ұялы байланыс желілері дұрыс істемейді, интернет бұғатталған.  22 ақпан 2020, 14:05 6 268 рет қаралды
​Таразда дәрігерлер 13 жасар қыздың асқазанынан бір келі ұйысқан шаш алып шықты Қазақстанда

​Таразда дәрігерлер 13 жасар қыздың асқазанынан бір келі ұйысқан шаш алып шықты

Тараздық дәрігерлер сирек жағдайдың куәсі болды. Олар 13 жастағы қыз баланың асқазанына ота жасап, салмағы 1 келі 200 грамм болатын нығыздалған шаш алып шықты. Науқастың қазіргі хәлі жақсы. Дегенмен ол ауруханада ем алуда.  22 ақпан 2020, 12:31 3 202 рет қаралды
"Қазақтар да бұл тізімге іліккен: Германияда 9 адамды өлтірген адам геноцидке шақырған Әлемде

"Қазақтар да бұл тізімге іліккен: Германияда 9 адамды өлтірген адам геноцидке шақырған

Франкфуртта тоғыз адамды атып өлтірген неміс азаматы өзін және анасын өлтірмес бұрын интернетте үндеу жариялаған. Онда ол барлық «өзге мәдениет пен нәсіл өкілдерін қыруға» шақырған.  22 ақпан 2020, 12:25 3 125 рет қаралды
​Полиция Инга Иманбайды босатты Қазақстанда

​Полиция Инга Иманбайды босатты

Бүгін Алматының «Астана» алаңында «Демократиялық партия» құруды көздейтін бастамашыл топ өкілдерінің бір бөлігін полция ұстаған. Қазір алаңдағы тілшілеріміз белсенді Жанболат Мамайдың әйелі, журналист Инга Иманбайдың босатылғанын хабарлады, деп хабарлайды Qazaqtimes басылымы. 22 ақпан 2020, 12:00 3 496 рет қаралды
Жанболат Мамай үш тәулікке қамалды Қазақстанда

Жанболат Мамай үш тәулікке қамалды

Қазақстанның Демократиялық партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі Жанболат МАМАЙ үш тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады партияның бастамашыларының бірі және саясаткердің жұбайы Инга ИМАНБАЙ. 22 ақпан 2020, 11:07 2 298 рет қаралды
Атырауда клиенттер «Home Avto Invest» директорын кепілге алды Оқиға

Атырауда клиенттер «Home Avto Invest» директорын кепілге алды

21 ақпанда Атыраудағы тағы бір ломбард - «HomeAvtoInvest» ЖШС - салымшылары кеңсенің алдына жиналып, кепілге салған ақша, көлік және жылжымайтын мүліктерін қайтаруды талап етуде. Бұл жерде домино принципі жүзеге асқан секілді. Халық «Нұр-Али Капитал» және «Гарант 24» ломбардындағы қиын жағдайды естіп, әбіргерге түсті. Тіпті салымдарыңызды кез келген уақытта алуға болады деп хабарлаған әлеуметтік желідегі бейнежазба да оларды сабасына түсірмеді. Алдыңғыларына қарағанда, бұл ломбардтың салымшылары "қатты кеткен" сияқты. Ломбардтың директорын кепілдікке алып, пәтерде ұстап отыр. Ал бұл ҚР ҚҚ 126-бабына («Заңсыз бостандығынан айыру») сай қылмыс болып саналады. Толықтырылды 22 ақпан 2020, 10:26 3 732 рет қаралды
Полиция "Демпартия" митингісіне қатысқандарды ұстады Қазақстанда

Полиция "Демпартия" митингісіне қатысқандарды ұстады

Алматының "Астана" алаңы маңындағы Мәншүк пен Әлия ескерткіші жанында "Демократиялық партия" құруды көздейтін бастамашыл топ өкілдері митинг өткізіп, топ жетекшісі Жанболат Мамайды босатуды талап етті. Шамамен жарты сағаттан соң полиция олардың бір бөлігін ұстай бастады. Соңғы дерек бойынша, полиция ондаған адамды ұстаған. Олардың арасында саясаткер Төлеген Жүкеев, Жанболат Мамайдың әйелі Инга Иманбай да бар. Оларды нақты қай басқармаға алып кеткені белгісіз. 22 ақпан 2020, 11:01 2 436 рет қаралды