Атырау, 23 қараша 07:44
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қарабатанда Қытай азаматы инсульт соғып, көз жұмды

2 559 просмотра


22 ақпанда таңертең Қарабатандағы Біріктірілген газ-химия кешенінің құрылыс аумағында 50 жастағы Қытай азаматы есінен танып қалған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Мердігер мекеменің осы қызметкері өзін жайсыз сезініп, медбекетке келіп қаралған. Оның қан қысымы көтерілгені анықталып, медициналық көмек көрсетілген. Таңертеңгі ас ішуге бара жатқанда тағы да өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалды да, артынша жан тапсырды. Дәрігерлердің айтуы бойынша,  ол ми қан айналымының бұзылуынан қайтыс болған.

Жобаның операторы «КРI Inc.» ЖШС-нің хабарлауынша, сот-медициналық сараптама да бұл қызметкердің ми қан айналымының бұзылуынан өлгенін растады. Марқұмда дене қызуы, жөтел, тамақ ауруы секілді  коронавирустың белгілері байқалмаған. Қарабатан кешенінің құрылыс аймағында шоғырланған компаниялар өз қызметкерлерінің денсаулығын үнемі бақылап отырады екен.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 ақпан 2020, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.