Атырау, 24 сәуір 04:05
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Полиция Алматының орталық алаңын жауып, жүргіншілерді ұстауда

6 070 просмотра


Алматы қаласындағы "Астана" орталық алаңын полиция жүргіншілерден тазалап жатыр. Төлеби және Абылайхан көшелерінің, Төле би мен Панфилов көшелерінің арасында орналасқан алаң мен парк толықтай жабылған. Тілшілеріміздің жіберген мәліметтеріне қарағанда, алаң маңында ұялы байланыс желілері дұрыс істемейді, интернет бұғатталған, деп хабарлайды Qazaqtimes  басылымы.

Ол жерден онлайн хабар тарату мүмкін емес. Орталық алаңға жақын бірнеше көшеде полиция қызметкерлері бейбіт тұрғындарды да жүргізбей жатыр. Полицияның бұл әрекеттеріне келіспегендер күштеп көліктерге отырғызылып жатыр. Қазір орталық алаңға журналистерді де қатаң тексеруден кейін ғана өткізуде. Тілшілердің хабарына қараған алаң маңында жүздеген полиция қызметкерлері жүр. 

Айта кетейік, бүгін 22 ақпанда Қазақстан үкіметі жағынан экстремистік ұйым ретінде елде тыйым салынған "Қазақстан Демократиялық Таңдауы" қозғалысы наразылық шарасын өткізбек болған. Бұған қоса, әлі ресми тіркеуден өтіп үлгірмеген "Демократиялық партия" да наразылық шарасына шығатынын мәлімдеген. Түстен бұрын Демпартияның аздаған өкілі ғана қатысқан шара полиция жағынан таратылды. Ондаған адам ұсталды. 

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Панфилов көшесі бойынан 20-дан астам адам ұсталған. Ұсталғандардың көбі өздерін жай жүргінші екені айтқан, алайда полиция оларды күштеп көліктерге отырғызып алып кеткен. 

22 ақпан 2020, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.