Атырау, 24 желтоқсан 02:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Таразда дәрігерлер 13 жасар қыздың асқазанынан бір келі ұйысқан шаш алып шықты

3 202 рет қаралды


Тараздық дәрігерлер сирек жағдайдың куәсі болды. Олар 13 жастағы қыз баланың асқазанына ота жасап, салмағы 1 келі 200 грамм болатын нығыздалған шаш алып шықты. Науқастың қазіргі хәлі жақсы. Дегенмен ол ауруханада ем алуда, деп хабарлайды КТК арнасы. 


Жасөспірім бірнеше аптадан бері асқа тәбеті болмаған. Ұдайы іші аурыратын оқушы соңғы күндері мүлдем нәр татпай әбден жүдеп кеткен. Ақыры амалсыз ауруханаға қаралуға келеді. Жан-жақты тексеруден кейін оның асқазанында әлдебір заттың кептеліп тұрғаны анықталған.

Науқасқа дереу ота жасалып, асқазанынан ұзындығы 40 см, салмағы бір келіден асатын нығыздалған шашты алып шыққан. 

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай мөлшердегі қалдық кемі бес-алты жылда жиналуы мүмкін. Дәл осындай жағдай осыдан бес жыл бұрын тіркелген. Ол кезде 11 жастағы қыздың асқазаны шашқа толып қалған еді. 

22 ақпан 2020, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.