Атырау, 21 қаңтар 18:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 507.05
€ 594.82
₽ 6.51

ҰҚК лауазымды тұлғаның қылмысын әшкереледі

2 258 рет қаралды


Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын жеткізудің заңсыз халықаралық арнасының жолын кесті.

"Заңсыз айналымнан үш "Калашников" автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 тапанша, 1700-ден астам патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапқа тартылды.

  • Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды


Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды тұлға министрлікте тіркелген оқ-дәріні ұрлаған.

Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын цех жұмысы тоқтатылды.

2020 жылдың 27 қаңтарында Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

24 ақпан 2020, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.