Атырау, 27 сәуір 08:30
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жанболат Мамай үш тәулікке қамалды

2 112 просмотра


Қазақстанның Демократиялық партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі Жанболат МАМАЙ үш тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады партияның бастамашыларының бірі және саясаткердің жұбайы Инга ИМАНБАЙ.

«Таңғы сағат 5.00-де бізге Жанболат Мамайдың үш күнге қамауға алынғанын хабарлады!» - деп жазды Инга Иманбай өзінің Facebook парақшасында.

Бұған дейін, 21 ақпанда, түстен кейін Алматыда Демократиялық партияның ұйымдастыру комитетінің мүшесі Жанбол Рахматулланың ұсталғаны туралы белгілі болған еді. Белсенділер оны Қаскелеңге алып келгенін хабарлады. Кейін түндеполиция қызметкерлері  полиция бөліміне әріптесін қолдауға келген Жанболат Мамайды жолдастарымен бірге ұстады.

Жаңадан құрылған Демократиялық партияның белсенділері тұтқындалған саясаткер Жанболат Мамайға қолдау көрсету үшін Алматы облысы Қаскелеңдегі Қарасай ауданының полиция басқармасы ғимаратының жанында аштық жариялады. Ондаған жиналған адамдар «Аштық!» және "Бостандық." деп ұрандады. 

Еске сала кетейік, сенбі, 22 ақпанда Қазақстанның Демократиялық партиясы Алматыда митинг өткізуді жоспарлаған еді. Бұл наразылық -  Қазақстан бойынша партияның съезге бармақ болған ондаған жақтастарының ұсталуына берілген жауап болды. Съезд өтпей қалған соң Жанболат Мамай бәрін саяси қуғын-сүргінге қарсы митингіге жиналуға шақырды.

22 ақпан 2020, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.