Иранда он бірінші парламенттік сайлау аяқталды. ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл жолы 7 мыңнан астам үміткер 290 мандат бойынша бақ сынаған.
Сайлау нәтижелері алдағы аптада мәлім болмақ. Иран Конституциясына сәйкес, 18 жастан асқан сайлаушылар ғана дауыс бере алады. Парламент депутаттары 4 жылға сайланады. Иранның жаңа парламенті өз жұмысын 2020 жылдың мамыр айының соңында бастайды.
Осыған дейін Иранның сайлау өткізу штабының басшысы Джамаль Орф 83 млн Иран азаматының арасында тек 57 млн 918 мың адамның дауыс беру құқығына ие екенін хабарлаған. Сарапшылардың болжамынша, биыл 2 млн 931 адам сайлауға алғаш рет қатысқан.
Дереккөз: Qazaqtimes.com