Атырау, 9 сәуір 02:31
Таңертең ашық+9, күндіз +10
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 435.54  € 473.08  P 5.76

​Полиция Инга Иманбайды босатты

22 ақпан 12:00


Бүгін Алматының «Астана» алаңында «Демократиялық партия» құруды көздейтін бастамашыл топ өкілдерінің бір бөлігін полция ұстаған. Қазір алаңдағы тілшілеріміз белсенді Жанболат Мамайдың әйелі, журналист Инга Иманбайдың босатылғанын хабарлады, деп хабарлайды Qazaqtimes басылымы.

Таңертең алаңға бағыт алған 70 шақты белсендінің ұсталғаны мәлім болды. Олар «Жанболат Мамайға бостандық!» деп ұрандатты. Алаңдағы «Әлия-Мәншүк» ескерткіші алдына жиналған топ өкілдері билікті сынға алған болатын. Саясаткер Төлеген Жүкеев: «Билік партияны тіркетпеу үшін бар амалды жасап отыр, мұның барлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жасалып жатыр. Тоқаевта билік жоқ, халықты көшеге шығармау арқылы билік режимнің өмірін созғысы келеді», – деді. 

22 ақпанға қараған түні бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамайды әкімшілік сот «рұқсат етілмеген митингіге шақырды» деген айыппен үш тәулікке қамады. Демократиялық партия құрушылар бүгін, яғни 22 ақпанда партияның алғашқы съезд өткізуді жоспарлаған. Алайда, өңірлердегі партия мүшелерінің, белсенділерінің ұсталып жатқанын алға тартып, съезд өткізуден бас тартты және оның орнына бейбіт шеру өткізетіндерін жариялаған.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1212 рет қаралдыБасты бет Поделиться:
1 2 3 4 5 6 7 8

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей: