Атырау, 4 ақпан 23:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

Оқиға

Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Қалалық криминалдық полиция қызметкерлері қала маңындағы Водников, Тасқала, Ширина, Құрсай, Өркен, Сарықамыс ауылдарында ұрлық жасаған 21-30 жас аралығындағы 4 пәтер ұрысынан құралған топты ұстады. Олар коттедждерге 1-қабаттың пластик терезелерін ығыстырып кіріп, негізінен зергерлік бұйымдарды қолды қылып отырған. Күдіктілердің мекен-жайы бойынша 20 заттай айғақтар – зергерлік бұйымдар мен ұялы телефон алынды. 21 маусым 2017, 19:30 3 430 рет қаралды
Лауазымдық өкiлеттігін теріс пайдаланған Оқиға

Лауазымдық өкiлеттігін теріс пайдаланған

17 маусымда Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Жылыой аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Бағытқали ЖАРЫЛҒАПОВТЫ ұстады.  19 маусым 2017, 17:30 5 175 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Достық көшесінің бойындағы дүкеннің сатушысы ҚІІБ-не 10 маусымда сағат 20.30-да өзін салық қызметінің қызметкерімін деп таныстырған бейтаныс ер адамның одан 10 мың теңге түсімді алып кеткендігіне шағымданды. Тергеу жүргізілуде. 14 маусым 2017, 19:19 3 410 рет қаралды
Мас жүргізушінің кесірінен үш адам зардап шекті Оқиға

Мас жүргізушінің кесірінен үш адам зардап шекті

Кеше, 9 маусымда сағат шамамен 23.20-да Тайманов даңғылы мен Жарбосынов көшелерінің қиылысында көлік апаты орын алды. Рөлінде 46 жастағы Атырау тұрғыны отырған «Киа Спортиш» көлігі жаяу жүргіншілерді өткізіп жіберу үшін қиылысқа тоқтаған «Ниссан Премьера» көлігін артқы жағынан келіп соғады. 10 маусым 2017, 20:23 3 762 рет қаралды
Прокурорды алаяқ деп таныды Оқиға

Прокурорды алаяқ деп таныды

5 маусымда №2 Атырау қалалық сотында ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағының 1-ші және 2-ші тармақшасы («Ірі мөлшерде мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам жасаған алаяқтық») бойынша Атырау қалалық прокуратурасының қызметкері Азамат ҚОҚАМАНОВҚА үкім шығарды. 5 маусым 2017, 20:28 4 063 рет қаралды
Астанадағы парақорлықтың салқыны Атырауға тиді Оқиға

Астанадағы парақорлықтың салқыны Атырауға тиді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанада «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі» РМК бас директоры Болат ХАЛЫҚТЫҢ 70 мың доллар көлемінде пара алу кезінде ұсталғаны туралы хабарлады.  Бейнежазба 24 мамыр 2017, 17:52 4 854 рет қаралды
Емші науқасты өлтіріп алды Оқиға

Емші науқасты өлтіріп алды

Атырау облысы Махамбет аудандық сотында өзгеше қылмыстық іс қаралды. ІІ топтағы мүгедек әйел көп жылдардан бері полиартритпен ауырып, төсекке таңылып жатқан. Ұлы анасының азабын жеңілдетпек болып, оған емші іздеп табады. 19 мамыр 2017, 17:19 5 275 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Атырау қалалық прокуратурасы мониторинг барысында «Вконтакте» әлеуметтік желісінен қолдан жарылғыш құрылғысын дайындауды үйрететін 21 бейнематериалды анықтады. Мұндай «сабақтың» әрқайсысын 5 мыңнан 10 мыңға дейін пайдаланушы көрген. Атырау қаласының прокуроры Р.Құттықовтың айтуынша, прокурорлық ұсыныстың негізінде Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті бұл материалдардың ҚР аумағында таралуына тыйым салды. 18 мамыр 2017, 00:00 3 700 рет қаралды
Жастық шағын есіне түсіріп, немересін ұмытты Оқиға

Жастық шағын есіне түсіріп, немересін ұмытты

Әжелердің бәрі бірдей қолдарына тәтті ұстап, ертегі оқып беретін кітаптағы келбетке сай келе бермейді. Кейбіреулеріне, мәселен, немерелеріне дұрыс көңіл аудармағандары үшін айыппұл салуға тура келеді. 12 мамыр 2017, 17:28 3 944 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

32 жастағы әйел ҚІІБ-на 9 мамыр күні күндіз белгісіз біреулер мереке қарсаңында оның Канцев көшесіндегі пәтеріне кілт салып, теледидарды, кілемдерді, ыдыс-аяқтарды және тіпті жапқыштарды алып кеткендігі туралы арыз түсірді. Шығын көлемі 363 мың теңгені құрады. Тергеу жүргізілуде. 10 мамыр 2017, 17:25 3 575 рет қаралды
Балықты Ақтауға аудара салудың сәті түспеді Оқиға

Балықты Ақтауға аудара салудың сәті түспеді

Ресейлік шекарашылардың Атырау облысынан шыққан 4 тонналық бекіре тұқымдас балықтар тиелген жүк көлігін ұстағандығы туралы хабарлама жұртшылық пен БАҚ-тарды дүрліктіріп жіберді. Жауапты тұлғалар бұл фактіге «Бекіре-2017» үйлестіру штабының отырысында комментарий берсе де («Фура қалай өтіп кеткен?»), бұл хикая қызықты бағыт алды. 4 мамыр 2017, 00:00 3 281 рет қаралды
Бейіттің металл қоршауын тапсырып, ақша тапқан Оқиға

Бейіттің металл қоршауын тапсырып, ақша тапқан

Криминалдық полиция қызметкерлері Ноғай бейітіндегі (христиандар зиратына жақын маңда) қабірлердің бірінің металл қоршауын бұзып жатқан қаскөйді қылмыс үстінде ұстады. Ол Индер ауданы Елтай ауылының 27 жастағы  тұрғыны болып шықты. 3 мамыр 2017, 10:14 2 787 рет қаралды
​Сырахана клиенті күзетшіні зақымдаушы қарумен атып тастады Оқиға

​Сырахана клиенті күзетшіні зақымдаушы қарумен атып тастады

Атырауда 30 сәуірге қараған түні Сырым Датов көшесіндегі «Кайзер» сыраханасына келуші күзетшіні зақымдаушы тапаншамен бірнеше рет атқан. Мойнынан жарақат алған күзетші облыстық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. 30 сәуір 2017, 15:14 3 485 рет қаралды
Фура қалай өтіп кеткен? Оқиға

Фура қалай өтіп кеткен?

Құрманғазы қосыны КамАЗ-ды шолып тексерген кезде ешқандай күдік тудырмағандықтан, 4 тонна қызыл балық тиелген фураны өткізіп жіберген. Ал «мұқият тексеруге» шекарашыларда негіз болмаған. «Бекiре-2017» штабының кезекті отырысында Қараөзек қосынында ресейлік әріптестерінің браконьерлік фураны ұстаған жанжалды фактісі туралы осындай комментарий берілді.   Сурет Бейнежазба 29 сәуір 2017, 20:21 5 048 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Сәуірдің 24-де таңертең түнгі ауысымнан кейін үйлеріне келе жатқан жаяу полицей патрулінің қызметкерлері Азаттық даңғылының бойындағы дүкенге сынған терезе арқылы кірмек болған жас жігітті байқады. Тез арада оны ұстайды. Ұсталған жігіт Атыраудың 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Сынған терезе түріндегі тигізген зияны 100 мың теңгені құрады. 27 сәуір 2017, 00:00 3 105 рет қаралды
Көлікті қуған полицейлер жол апатына ұрынды Оқиға

Көлікті қуған полицейлер жол апатына ұрынды

23 сәуірде сағат 05.30-да SsangYoung арнайы көлігіндегі «Батыс-25» полицей экипажы жүргізушісі тоқтау талабына бағынбаған «Тойота Хайлюкс» көлігінің ізіне түсті. Қуғын кезінде полицей машинасы Абай мен Махамбет көшелерінің қиылысында «Фольксваген-Поло» көлігімен соқтығысып, содан соң бағдаршамның металл бағанасына соқтықты.  Сурет Бейнежазба 26 сәуір 2017, 16:33 3 995 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Өткен жылдың мамырында 26 жастағы ер адам танысына банкте кепілдікте тұрған көлікті алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, одан 254 мың теңгесін алып, ғайып болған. Алаяқтық жасады деген күдіктіге іздеу жарияланды. 13 сәуір 2017, 00:00 3 054 рет қаралды