Атырау, 17 мамыр 09:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Астанадағы парақорлықтың салқыны Атырауға тиді

Бейнежазба
4 505 просмотра
«Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі» РМК қызметкерлері Дараймола мұнай кен орнында өрт сөндіруде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанада «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі» РМК бас директоры Болат ХАЛЫҚТЫҢ 70 мың доллар көлемінде пара алу кезінде ұсталғаны туралы хабарлады.

Ол «атқарылған жұмыстар актісіне жылдам қол қою үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде пара алудың қылмыстық сызбасын ұйымдастырған» деп хабарланады. Бұдан басқа, Б.Халық аса ірі көлемде РМК бас есепшісі Медебаева мен РМК Атырау филиалының директоры Тимур МАХМҰТОВТЫҢ қатысуымен ірі көлемде қаржы жымқырды деп күдіктелуде.

«Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі» РМК Атырау филиалындағылар 23 мамырда Т.Махмұтовты жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қызметкерлерінің ұстағанын, содан соң оның Астанаға әкетілгенін растады. Оның міндетін қазір директордың орынбасары Аманжол ҚҰРМАНҚҰЛОВ атқаруда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 мамыр 2017, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.