Атырау, 25 сәуір 08:41
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Оқиғалар тізбегі

3 400 просмотра

9 мамыр күні күндіз 32 жастағы әйел ҚІІБ-на белгісіз біреулер мереке қарсаңында оның Канцев көшесіндегі пәтеріне кілт салып, теледидарды, кілемдерді, ыдыс-аяқтарды және тіпті жапқыштарды алып кеткендігі туралы арыз түсірді. Шығын көлемі 363 мың теңгені құрады. Тергеу жүргізілуде. 

*****

8 мамыр күні күндіз туберкулезге қарсы күрес ауруханасының қасындағы Атырау-Астрахань трассасында  «Мерседес-Бенц» фурасының тіркемесі түгелімен өртеніп кетті. Облыс орталығынан келе жатқан қазақстандық номері бар көлікке әжетхана қағаздары тиелген. Көлік жүргізушісі дін аман. Өрттің шығыны мен себебі анықталуда.

 

*****

Полицияға жүк тасумен айналысатын қаланың 24 жастағы тұрғыны шағымданды: 9 мамыр күні кешке оның көлігіне мінген жас жігіт одан 8 мың теңге алып, ізім-қайым жоқ болып кеткен. ҚР ҚК-нің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тергеу жүріп жатыр.

 

*****

Азаттық даңғылындағы сұлулық салонында белгісіз адамдар терезені бұзып, жалюзиді сындырып, шаштараздың құрал-саймандарын ұрлап кетпек болған. Еденде шашқа арналған бояуда аяқ киімнің ізі қалған. Жорамал бойынша із ұрыға тиесілі. Тергеу жүргізілуде. 

*****

9 мамыр күні Смағұлов көшесіндегі білім беру орталығында қаскөйлер терезені сындырып, темір торды алып тастап, ноутбукты ұрлап кеткен. Тергеу жүріп жатыр.

*****

Мерекелік кеште ұрылар Балықшыдағы Ақтөбе көшесінде тұрған «Газель» автокөлігіне кілт салып, құны 20 мың теңге тұратын бейнетіркегішті ұрлап кеткен. Тергелуде. 

*****

9 мамыр күні «Дина» базарында белгісіз біреу таңертең манекеннен әрқайсысының құны 12 мың теңгенің екі камзолын ұрлап кеткен. Бейнекамералардың көмегімен ұрының кім екендігі анықталды. Бұл Атыраудың 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған іздеу жарияланды. 

*****

9 мамыр күні кешке Жылыой АІІБ қызметкерлері Құлсары қаласының көшесінен «Лада» ВАЗ-21110 көлігін тоқтатты. Жүргізуші мас күйде болған. Өткен жылдың наурызында ол үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылған болатын.   

10 мамыр 2017, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.