Атырау, 17 наурыз 13:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00

Газ есептегіш үшін артық төлем алған

3 966 рет қаралды


Құрманғазы аудандық прокуратурасы «РЦКУ-Атырау» ЖШС-нің аудандық бөлімінің газ есептегіш құралдарын тұрғын үйлерге орнату қызметінің бағасын екі еседей артық көтергенін анықтады.

Атырау облысы бойынша орнату қызметінің құны 1 086 теңге болса, Құрманғазы ауданында ол үшін 2 000 теңгеден алып отырған.

- Сөйтіп, 815 тұрғыннан 744 910 теңгені иемденген, - дейді Құрманғазы ауданының прокуроры Ерлан ХИСМЕТУЛЛИН. - Бұл факт бойынша 190-бабы 2-тармағы 3-тармақшасымен (алаяқтық, яғни адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, алдау жолымен бөтен мүлікті иелену) қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүруде.    

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 мамыр 2017, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.