Атырау, 19 мамыр 05:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қуғыннан қашқан қарақшылар қомақты ақшаны лақтырып кеткен

4 790 просмотра
Сурет ІІД-ның Facebook парақшасынан алынды
Атырау облыстық ІІД жеке сектордағы үйден 24 млн теңге шамасында ақша алып шыққан екі қарақшының ұсталғандығы туралы хабарлады.

26 сәуірде таңертең ертемен беттерін шарфпен тұмшалап алған қылмыскерлер үй ішіндегі әйелге шабуыл жасап, тапаншаға ұқсайтын затпен қорқытқан. Әйелдің аяқ-қолын скотчпен байлап, үйден 24 млн теңгені алып кетеді.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, «Рыбник» бағбандар қоғамында (Курилкино) қарақшылықпен шабуыл жасалғаны туралы хабарлама ІІБ-нің жедел басқару орталығына сағат 09.40-та түскен.

- Атырау-Пешной трассасының маңында жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің бірі із суытпай ұсталды. Ал сәл кейінірек екіншісі де құрықталды. Екеуі де Мақат ауданының 1990 және 1991 жылғы тұрғындары. Бұдан бұрын екеуі де ұрлық пен қарақшылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қылмыскерлерді ұстауға зардап шегушінің көмек сұрап шақырған дауысына тез жүгіріп жеткен көршісінің көп көмек көрсеткені белгілі болды. Ол полицияға шабуыл жасалғаны туралы хабарлап, ал өзі көлігіне отырып, оларды қуа жөнелген.

Ұстау кезінде бірінші тонаушыдан 4 патроны бар ОСА зақымдағыш тапаншасы табылған. Екіншісін қаладан ұстаған. Шамасы, қуғыннан қашқан олар заттай айғақтардың бір бөлігінен құтылып отырған. «Рыбниктің» аумағын сүзіп шыққан кезде жедел қызметкерлер 19 млн теңге сомадағы ұрланған ақшаның бір бөлігін тауып алған (10 млн-ы жол жиегіндегі пакеттен, 9-ын иесіз қалған саяжайдағы үйден тапқан).

Күдіктілер Атырау қаласындағы ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

27 сәуір 2017, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.