Атырау, 5 желтоқсан 13:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жилгородоктағы коттеджге шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды

4 217 рет қаралды

27 сәуірде шамамен сағат 10-да Атырауда Жилгородоктағы кәсіпкердің үйіне қарақшылықпен шабуыл жасалды. 7 мың доллар ақша қаскөйлердің олжасына айналды.

Медициналық демперде киген екеу үйге кірген, қалған екеуі бақылауда тұрған. Үйге кіріп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, үйдегі қызметші әйел мен бала күтушіні байлап тастайды. Ал кішкентай баланы ауладағы жылужайға қамап тастаған. Үйдің ішінде мүгедек ер адам болған. Оны қарақшылар қорқытып, кіре берістегі диванға жатқызып, қозғалмауға бұйрық берген. Содан кейін біреуі өзімен бірге әкелген «болгаркамен» сейфті кесе бастаған. Алайда металл мықты болып, әл бермеген. Осы кезде коттедж қожайыны келген. Қаскөйлер оны сейфті ашып, ішіндегі 7 мың долларды беруге мәжбүрлеген. Ақшаны алған соң қылмыскерлер із суытады.

Атырау қалалық ІІБ №1 полиция бөлімі бастығының орынбасары Аслан БОЛАТТЫҢ айтуынша, жедел іздестіру шараларының барысында күдіктілердің жеке басы анықталды. Олар ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Олар Атырау қаласының екі тұрғыны мен Құлсары қаласының екі тұрғыны (соңғы екеуі – бұрын қарақшылық үшін сотталған) болып шықты. Ұсталушылардың мойындауынша, олар екі күн бойына осы үйді торуылдаған. ҚР ҚК-нің 192-бабы («Қарақшылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 мамыр 2017, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.