Атырау, 19 мамыр 04:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қылмыстар хроникасы

2 905 просмотра


Облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мейрамханалардың бірінің қожайынына әкімшілік құқықбұзушылық үшін 190 мың теңгенің орнына 63 мың теңгеге айыппұл салған. Тағы жеті кәсіпкерге заңсыз «жеңілдіктермен» айыппұл салынған. Нәтижесінде мемлекет 1 млн теңгеден астам соманы кем алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бас маманы Ж. Қаражанов хабарлағандай, облыстық сәулет басқармасына бюджетке кем соманы қайтару туралы ұйғарым берілді.

***

Сәуірдің 24-де таңертең түнгі ауысымнан кейін үйлеріне келе жатқан жаяу полицей патрулінің қызметкерлері Азаттық даңғылының бойындағы дүкенге сынған терезе арқылы кірмек болған жас жігітті байқады. Тез арада оны ұстайды. Ұсталған жігіт Атыраудың 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Сынған терезе түріндегі тигізген зияны 100 мың теңгені құрады.

***

Ақжар поселкесінде 23 сәуірде 25 жастағы «Дэу Нексия» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шегушінің орташа ауырлықтағы дене жарақатын алғаны хабарланады.

***

Құлманов көшесінің бойындағы киім дүкенінің күзеті 23 сәуірде өзіне ұнаған блузканы ұрламақ болмақ Дамбы округінде тұратын 18 жастағы қызды ұстады.

***

Атырау тұрғыны полицияға 19-23 сәуірде үйінің ауласында орналасқан моншадан құны 198 мың теңге болатын екі қайық моторының ұрланғанын мәлімдеді. Ұрлық жасады деген күдікпен Жұмыскер поселкесінің 45 жастағы тұрғыны ұсталды. Заттай айғақтар алынды. 

***

Бесікті поселкесінің маңындағы бақылау-өткізу қосынында «Бекіре» операциясының барысында «Лада Гранта» көлігі тоқтатылды. Салоннан жалпы салмағы 248 келі болатын қаракөз салынған 6 қапшық табылды. Балық жолаушыға, Махамбет ауданының 30 жастағы тұрғынына тиесілі екен.

***

«Бекіре-2017» операциясының барысында заңсыз балық аулау және тасымалдауға байланысты 147 заң бұзушылық анықталды. 150 заң бұзушы ұсталып, 43 тонна балық (оның 423 келісі бекіре тұқымдстар), 4 келі қара уылдырық тәркіленді. 37 қылмыстық іс қозғалып, 119 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


27 сәуір 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.