Атырау, 20 тамыз 12:12
 дождьВ Атырау +33.5
$ 462.22
€ 536.50
₽ 5.43

Лауазымдық өкiлеттігін теріс пайдаланған

5 387 рет қаралды

17 маусымда Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Жылыой аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Бағытқали ЖАРЫЛҒАПОВТЫ ұстады.

ҚР ҚК-нің 361-бабының 4-тармағы («Қылмыстық топтың мүддесіне орай лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану») бойынша қылмыстық іс қозғалды. №2 Атырау қалалық соты күдіктіні 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.

Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіндегілер Жарылғаповтың немен айыпталып отырғанын және қандай қылмыстық топ туралы екенін түсіндіруден бас тартты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 маусым 2017, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.