Атырау, 5 желтоқсан 12:57
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Көпірдегі жол апатында бес адам көз жұмды

5 209 рет қаралды

Бүгін, 8 маусымда шамамен сағат 9.30-да Атырау қаласы маңындағы Астрахань трассасында Сарыөзек каналы арқылы өтетін көпірде кісі өлімімен аяқталған жол апаты орын алды.

«Тойота Ланд Крузер» бен «Лада Гранта» көліктері соқтығысып, жеңіл көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы сол жерде көз жұмды. «Тойотаның» үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, «Тойота» жүргізушісі көзге көрінетін зақым алмаған. Ақтаулық мемлекеттік нөмірі бар бұл көлік облысымызда  мұнай сервисінде жұмыс жасайтын мердігер мекемелердің біріне тиесілі. Ауыр жол апатын тергеу жұмыстары жалғасуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 маусым 2017, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.