Атырау, 13 мамыр 23:57
 ашықВ Атырау +16
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

​Сырахана клиенті күзетшіні зақымдаушы қарумен атып тастады

3 248 просмотра

Атырауда 30 сәуірге қараған түні Сырым Датов көшесіндегі «Кайзер» сыраханасына келуші күзетшіні зақымдаушы тапаншамен бірнеше рет атқан. Мойнынан жарақат алған күзетші облыстық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды.

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, «102» операторының пультіне «Кайзер» сыраханасынан телефон қоңырауы түнгі сағат он екі жарымда түскен. Оқиға орнына жеткен Атырау қ. ІІБ тергеу-жедел тобы 1988 жылғы келуші М. мен 1993 жылғы сырахана күзетшісінің арасында ұрыс-керіс пен төбелес орын алып, М. «анықталмаған қарудан бірнеше рет оқ атып, оқиға орнынан ғайып болғанын анықтады. Оқиға орнынан бір резіңке оғы алынды, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды».

Жинақталған материал ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-тармағы («Атыс қаруын, газды қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып жасалған бұзақылық») бойынша тіркелді. Күдіктіні ұстау шаралары алынуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 сәуір 2017, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.