Атырау, 5 желтоқсан 13:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Бейіттің металл қоршауын тапсырып, ақша тапқан

2 770 рет қаралды

Фото: Facebook/ДВД АтырауФото: Facebook/ДВД АтырауФото: Facebook/ДВД АтырауФото: Facebook/ДВД Атырау
 

Криминалдық полиция қызметкерлері Ноғай бейітіндегі (христиандар зиратына жақын маңда) қабірлердің бірінің металл қоршауын бұзып жатқан қаскөйді қылмыс үстінде ұстады. Ол Индер ауданы Елтай ауылының 27 жастағы  тұрғыны болып шықты.

Атырау қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Данияр БИМҰХАНОВТЫҢ айтуынша, ұсталушының кем дегенде осы зираттағы төрт бейіттің қоршауларын ұрлауға қатысы бар екендігі анықталған (полицияға туыстарынан тек екі шағым ғана түскен). Ол олжасын Жұмыскердегі металл сынықтарын қабылдау орнына тапсырып отырған. Сәуірдің аяғында тек бір апта ішінде барлығы 350 келі шойын тапсырып, 17 500 теңге ақша тапқан. ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-тармағының 2-тармақшасы (бірнеше рет жасалған ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 мамыр 2017, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.