Атырау, 21 желтоқсан 10:07
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қоғам

АҚШ-тағы кәсіптік білімнің ерекшеліктері Қоғам

АҚШ-тағы кәсіптік білімнің ерекшеліктері

Жуырда ЮСАИД бағдарламасы бойынша Қазақстанның бір топ өкілі Американың Калифорния және Невада штаттарында болып, ондағы кәсіптік білім беру жүйесімен танысып қайтты. Соның ішінде Атыраудың кәсіптік білім беру ордаларының мұғалімдері де «Кәсіби-техникалық білім беру жүйесін жетілдіру» тақырыбы бойынша тәжірибелік тренингтерден өтті. 9 желтоқсан 2010, 00:00 15 661 рет қаралды
Туу туралы куәлік неге берілмей отыр? Қоғам

Туу туралы куәлік неге берілмей отыр?

Жуырда Малика Дабылова есімді оқырманымыз өзінің төмендегі жағдайын айтып, шағымданған еді: - Мен оралманмын. Отбасыммен елге қоныс аударғанымызға екінші жылдың жүзі болды. Атырау қаласында тұрып жатырмыз. Осында тіркелгенбіз. Өзім Қарақалпақстанда дүниеге келдім. Ұлтым қарақалпақ. Күйеуімнің ұлты қазақ. Төрт баламыз бар. Соңғы екеуін осында босандым. Жақында босанған төртінші сәбиіме туу туралы куәлікті ала алмай отырмын. Себебі, төлқұжатым өзбек тілінде толтырылған. АХАЖ мамандары құжатты қазақ тіліне аударып алып кел, сонда ғана куәлік беріледі дейді. Ал мен осы Атыраудан 2009 жылдың 12-қаңтарында үшінші ұлымды босанған кезде онда құжатты аудару туралы ештеңе айтылмастан еш қиындықсыз туу туралы куәлікті берді. Мен бала күтіміне және көп балалы ана ретінде әлеуметтік жәрдемақы алу үшін тиісті құжаттарды рәсімдегім келеді. Өзім де, жолдасым да жұмыста жоқпыз. Маған қандай ма болмасын жәрдемақы беріле ме? Және ол үшін қандай құжаттар тапсыруым қажет? 2009 жылы және 2010 жылы туылған балаларыма бала күтімінен бөлек босануыма байланысты жәрдемақы беріле ме? 9 желтоқсан 2010, 00:00 10 825 рет қаралды
«Аштық жариялаудан басқа амалымыз қалмады», - дейді мазасы қашқан индерлік кәсіпкерлер Қоғам

«Аштық жариялаудан басқа амалымыз қалмады», - дейді мазасы қашқан индерлік кәсіпкерлер

Индербор поселкесіндегі «Талап» базарының сауда жасаушылары билік тарапынан қысымшылықтың жиі болуынан саудадан берекет кеткені жөнінде «АЖ» поштасына шағым түсірген болатын. 8 желтоқсан 2010, 00:00 6 127 рет қаралды
Қызылқоға қидан құтылған жоқ Қоғам

Қызылқоға қидан құтылған жоқ

Атыраудан 300 шақырым шалғай жатқан Қызылқоға ауданына газ тартыла бастағаннан кейін бұл саладағы проблемалар артта қалды деген пікір қалыптасқан. Сөйтсек, күрмеуі келмейтін қиын мәселе нақ осы салада болып шықты. Жиырма мың теңгемен қалт құлт етіп, әзер күн көріп отырған көптеген отбасылардың көгілдір отын жағатындай жағдайы жоқ. 2 желтоқсан 2010, 00:00 9 384 рет қаралды
Миялы-Сағыз тас жолы келер жылы бітпек Қоғам

Миялы-Сағыз тас жолы келер жылы бітпек

Қызылқоға ауданында газбен қоса жол жөндеу жұмысына биыл қыруар қаржы бөлінген болатын. Миялы селосында айналмалы 4 км. жол күрделі жөндеуден өткен еді. Бірақ селода жөндеуге сұранып тұрған жолдар көп. Жаңа жолдар салу да кезек күттірмейтін міндет. 2 желтоқсан 2010, 00:00 13 891 рет қаралды
Снежананың анасы табылды Қоғам

Снежананың анасы табылды

Атырау полицейлеріне Привокзальныйдағы «Дина» базарынан кәмелетке толмаған балалардың істері жөніндегі инспектор Жансерік НЕТАЛИЕВ тауып алған 4 жасар Снежананың анасын табу үшін төрт күн қажет болды («Жайық самалы», №47 «Кімнің қызысың, қалқам?»). 2 желтоқсан 2010, 00:00 3 296 рет қаралды
Әйелдер түрмесінде лицей ашылды Қоғам

Әйелдер түрмесінде лицей ашылды

Батыс Қазақстанның төрт облысы бойынша сотталған әйелдер жазасын өтеп жатқан Атырау облыстық қылмыстық атқару жүйесі басқармасына қарасты қаламыздағы №157/11 әйелдер колониясы Қазақстандағы осындай бесінші мекеме. Жақында осы түрменің жанынан кәсіптік білім беретін лицей, тігін цехы және мектеп ашылды. 1 желтоқсан 2010, 00:00 8 948 рет қаралды
Ақшамыз суша ағады ма? Қоғам

Ақшамыз суша ағады ма?

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап атыраулықтар сумен қамту қызметін дифференциалдық тарифтер бойынша төлей бастайтын болады. Нағыз үнем-шілдер үшін керемет тариф қарастырылған. Ал өздерін шектеуге дағдыланбағандар үшін көп төлеуге тура келеді. Төлем құны көпке шығады. 1 желтоқсан 2010, 00:00 9 349 рет қаралды
Мектептер балалар үшін бәсекеге түспекші Қоғам

Мектептер балалар үшін бәсекеге түспекші

Келесі жылдан бастап қазақстандық мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі мекеме балғындары мектеп пен балабақшаны өз беттерінше таңдау құқығын алады. Мектептерді қаржыландыру мына прициптер бойынша жүргізіледі: оқушылар қанша көп болса, сонша ақша да көп болады. Осыған байланысты кейбіреулер енді мектептер өздеріне балаларды тартуды бастайды деп ойлайды. Бұл туралы мектеп директорлары не дейді? 1 желтоқсан 2010, 00:00 4 799 рет қаралды
Балшықтан тұрғызылған үйдің шырғалаңы Қоғам

Балшықтан тұрғызылған үйдің шырғалаңы

Сіз үй сатып алуға несие алдыңыз, көптен күткен келісіміңізді жасадыңыз, енді банкке ай сайын мың доллардай қарызыңызды өтейсіз делік. Он жылдық несиеге кіріптар болатыныңызға қарамастан, сізді жаңа баспанаңыздың бар екендігі туралы ой тыныштандырады. Кенеттен бір күні сіздің үйіңіз (тайға таңба басқандай етіп техникалық төлқұжатта жазылғандай) сенімді ракушеблоктан емес, жай ғана саманнан салынғандығы туралы өзіңіз үшін керемет жаңалық ашасыз. Біздің оқырмандарымыздың бірі дәл осындай жағдайға тап болыпты. 25 қараша 2010, 00:00 9 476 рет қаралды