Атырау, 7 қазан 09:16
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Снежананың анасы табылды

2 943 просмотра

Атырау полицейлеріне Привокзальныйдағы «Дина» базарынан кәмелетке толмаған балалардың істері жөніндегі инспектор Жансерік НЕТАЛИЕВ тауып алған 4 жасар Снежананың анасын табу үшін төрт күн қажет болды («Жайық самалы», №47 «Кімнің қызысың, қалқам?»).

Бұл оғаш хикая боп шықты. Полицейлердің баяндауынша және анасының айтуынша, 21 жастағы анасы қызын біраз уақытқа таныстарына қалдырып кетіпті. Ал содан кейін, неліктен екені белгісіз, қызы анасының туу туралы куәлігін қалтасына салған күйі жоғалып кеткен. Қызын полицейлер тауып алғанын және оның балалар қабылдайтын уақытша панажайға орналастырылғанын білген анасы оны қазына үйінен алып кетуге асықпады. Өйткені, оның алып кететін жері жоқ екен.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, Снежананың анасының үйі де, жұмысы да, құжаттары да жоқ екен. Бағына орай, ол  жағымсыз әрекетпен өмір сүрмейтін жан екен, жұмысқа орналасқысы келгенмен, еш жерге жұмысқа алмапты. Қызынан да бас тартып отырған жоқ.

Қазір кәмелетке толмаған балалардың істері жөніндегі инспекция қызметкерлері қамқорлық және қорғаншылық органдарымен бірігіп, анасы мен баласына құжаттар жасаумен айналысуда. Ал қызды әзірге «Шаңырақ» балалар үйіне орналастырды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.