Атырау, 26 желтоқсан 00:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Туу туралы куәлік неге берілмей отыр?

9 578 просмотра

Жуырда Малика Дабылова есімді оқырманымыз өзінің төмендегі жағдайын айтып, шағымданған еді:

- Мен оралманмын. Отбасыммен елге қоныс аударғанымызға екінші жылдың жүзі болды. Атырау қаласында тұрып жатырмыз. Осында тіркелгенбіз. Өзім Қарақалпақстанда дүниеге келдім. Ұлтым қарақалпақ. Күйеуімнің ұлты қазақ. Төрт баламыз бар. Соңғы екеуін осында босандым. Жақында босанған төртінші сәбиіме туу туралы куәлікті ала алмай отырмын. Себебі, төлқұ-жатым өзбек тілінде толтырылған. АХАЖ мамандары құжатты қазақ тіліне аударып алып кел, сонда ғана куәлік беріледі дейді. Ал мен осы Атыраудан 2009 жылдың 12-қаңтарында үшінші ұлымды босанған кезде онда құжатты аудару туралы ештеңе айтылмастан еш қиындықсыз туу туралы куәлікті берді. Мен бала күтіміне және көп балалы ана ретінде әлеуметтік жәрдемақы алу үшін тиісті құжаттарды рәсімдегім келеді. Өзім де, жолдасым да жұмыста жоқпыз. Маған қандай ма болмасын жәрдемақы беріле ме? Және ол үшін қандай құжаттар тапсыруым қажет? 2009 жылы және 2010 жылы туылған балаларыма бала күтімінен бөлек босануыма байланысты жәрдемақы беріле ме?

АХАЖ басқармасының бастығы Сағынбай ТҰРҒАЛИННЫҢайтуынша, төлқұжаттағы жазу өзбек тілінде және ол бізге түсінікті болғанымен заң бойынша қазақ тіліне аударылуы тиіс. «Тиісті заңдарға сәйкес, «шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың балаларының тууын тіркеу кезінде ата-анасының екеуінің де жеке бастарын куәландыратын құжаттарын сондай-ақ, олардың мемлекеттік және орыс тіліндегі мәтінінің нотариалдық куәландырылған аудармасын тапсыру талап етіледі» делінген». Алайда, «қаулы 1999 жылы шыққан болса, сауал иесі Малика Дабыловаға 2009 жылы Атырауда туылған үшінші сәбиіне туу туралы куәлікті қалай беріп отыр?» деген сауалымызға орай, Сағынбай Бейбітұлы: «Ол кезде қалай болғанын білмедім, бірақ қазір біздің мамандар заңдылыққа сәйкес осы қаулы ережесі бойынша қарап жұмыс істеп отыр» деп жауап берді.

Ал облыстық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының заңгері Рысты ҚАЛИЕВА осы жайтқа байланысты мынадай түсіндірме берді:

- «АХАЖ маманының Сізден құжатты қазақ тіліне аударып алып кел деп талап ету Заң талабына қайшы. Себебі, ҚР-ның “Неке және отбасы туралы” Заңының 172-бабында, тууды тіркеу тәртібі көзделген. Заң талабына сәйкес балалардың тууын тіркеуді жазатын органдар баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізеді. Туу туралы арызды ата-аналары бере алады. Азаматтық хал-актілер жазылатын кітаптарға ата-анасын, ата-анасының атын, тегін, ұлтын жазу осы Заңның 49, 50, 55-ші баптарының 1-3-ші тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

Сондықтан сіздің құжатыңызсыз да жолдасыңыз балаңыздың тууы туралы куәлікті алуға құқығы бар. Куәлікті алған соң жолдасыңыздың атынан барлық құжаттарды дайындап, мына төмендегі аталған жәрдемақыларды алуға құқылысыз:

1. “Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәр-демақы туралы” Заңға сәйкес бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасы ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға;

2. “Балалы отбасыларға бері-летін мемлекеттік жәрдемақылар туралы” Заңға сәйкес балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар: бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы; бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқыларыңыз бар. Аталған жәрдемақыларға мынадай құжаттар: жеке куәлік немесе оралман куәлігі көшірмесі; СТН; ӘЖК; банктен ашылған шоттың көшірмесі, балалардың куәліктерінің көшір-мелері, мекен-жайды анықтайтын құжат (үй кітабының немесе мекен-жай бюросының анықтамасы) көшір-месі, осы құжаттарды Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Атырау облыстық филиалына келіп тапсыра аласыздар.

Ал бала бір жасқа толмай тұрып бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны ала аласыз. Ол үшін балаңыз бір жасқа толмаса да құжаттарыңыз рәсімделсе, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алуға үлгересіз».

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Суретті түсірген автор

9 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.