Атырау, 8 қазан 21:07
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Мектептер балалар үшін бәсекеге түспекші

4 302 просмотра

Келесі жылдан бастап қазақстандық мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі мекеме балғындары мектеп пен балабақшаны өз беттерінше таңдау құқығын алады. Мектептерді қаржыландыру мына прициптер бойынша жүргізіледі: оқушылар қанша көп болса, сонша ақша да көп болады. Осыған байланысты кейбіреулер енді мектептер өздеріне балаларды тартуды бастайды деп ойлайды. Бұл туралы мектеп директорлары не дейді?

№15 мектеп директоры Гүлшара МЕНЕШОВА: «Біздің мектебіміз 600 орынға есептелген шағын мектеп, қазір мектебімізде 800-дей бала білім алуда. Одан артық баланы біздер қабылдай алмаймыз, кабинеттер жетіспейді. Бұл жаңалықты құптаймын».

№2 мектеп директоры Вера МИДЕНОВА:«Жалпы алғанда қазірдің өзінде сондай жағдай. Біздің мектебімізде Авангард және Атырау ықшам аудандарының балалары оқиды. Сондықтан да ертеңгі күні бізде балалардың жетіспеушілігі бола қоймас деп ойлаймын».

№21 мектеп директоры Галина ШЕЛЕНЧАК: «Біздер қазір дәл сондай жағдайды бастан кешіріп отырмыз, ата-аналар мектептерді таңдап келді ме, әлі де таңдайтын болады. Ал, келесі жылы ол заңды түрде болмақ. Сондықтан да әрбір оқу мекемесінің рейтингі болуы тиіс. Сол себепті ұстаздарға оқушылардың өздері таласа баратындай еңбек етуге тура келеді».

Облыстық білім беру басқармасында бұған қатысты министрліктен әзірге ешқандай құжаттар келмегендігін айтты, сондықтан да оған әзірге түсінік те беріле қойған жоқ.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

1 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.