Атырау, 24 қараша 12:38
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жанжалға әзірге телефондар жәрдем

3 431 просмотра

Әйелдерге күш көрсетуге қарсы бүкіл әлемдік науқан шымылдығынан кезекті бір жолы әлдебір Киркоров дегеннің шалынып қалғаны бар. Десек те, әйелдерге күш көрсететін біздің өз жанжалқойларымыз бен басқа да лайықсыз тұлғаларымыз жетерлік. Өткен аптаның ішінде полицейлер бұл науқанның Атырау облысында қорытындысын шығарып, нәтижелерін жариялады.

«Әйелдерге күш көрсетуге қарсы он алты күн» деп аталған акция кезінде әйелдерге күш көрсеткен 84 әрекет тіркелген. Оның ішінде кісі өлімі де бар. Облыстық ІІД ұсынған мәліметтерде өзімен бірігіп арақ ішкен ағасымен болған жанжалда пышақ жұмсай отырып, оның өміріне қауіп төндіретін бірнеше жарақат салған әйел де болды.  Бұл күндері де басқа күндердегідей сенім телефондары (49-32-42) жұмыс жасады. Бізге осы қызмет операторы Майя БИСЕНҒАЛИЕВАМЕН сөйлесуге мүмкіндік туды.

- Күніне қанша телефон қоңырауларын қабылдайсыздар?

- Кем дегенде он. Ал, біздің нөмірлеріміз газетке шыққан кезде, күні бойына қоңырау шалатындар бар.

- Көбіне қандай проблемалармен хабарласады?

- Олардың көпшілігі күйеулері маскүнем әйелдер. Бір шөлмек үшін үйіндегі затын ұрлап, сататын, ұрып-соғып, балаларының көзінше балағаттайтындар... Өз-өзіне қол салуға бел шешкен жасөспірімдер тарапынан да қоңыраулар кездесіп қалады.

- Оларға сіздер қалай көмектесе аласыздар?

- Алдымен оларды тыныштандыруға тырысамыз. Егер күйеуі әйелін ұрып-соғып жатса полицейлер мен учаскелік инспекторларға жүгінеміз. Алайда, әйелдер көбіне бұл отбасының мәселесі, полицияны араластырудың керегі жоқ деп қарсылық танытып жатады. Ал, егер оны пышақпен қорқытса ше?! Әлгі бейшара әйел өзін және бізді ештеңе бола қойған жоқ деп жұбатуға тырысады. Ал, ол болған жағдайда бәрі де кеш болар еді.

Оператор түрлі жағдайлар болатынын әңгімелейді. Әзірге сенім телефоны арқылы тек кеңес береді және аяушылық қана білдіреді. Зорлық-зомбылық құрбандарына ең қажетті деген паналайтын орын мен материалдық көмектер, әлеуметтік бейімдеу орталықтарын әзірге қаржының жоқтығы салдарынан ұсына алмайды. Барына да шүкіршілік!

Анастасия ПАСТУХОВА

15 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.