Атырау, 26 желтоқсан 01:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Балықшыда апатты жағдайдағы 15 үй күрелмек

3 490 просмотра

Сейсенбі күні қала маңындағы округтердің әкімдерімен өткізілген кеңес кезінде аймақ басшысы Алмалы селосының кешікпей қалаға қосылатынын, өйткені жеке құрылыс салушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін жердің тапшы болып жатқандығын мәлім етті.

Әкімдермен кеңес өткізгенге дейін облыс әкімі Лесхоздағы 160 орындық №14 балабақшаға бас сұқты. Биылғы жылдың аяғына дейін бұл жерде 75 орындық жалғама пайдалануға берілмек. Қалалық әкімдіктің құрылыс бөлімінің бастығы Виктор ЦОЙ барлығының дайын екенін, енді тек жиһазды құру ғана қалып тұрғанын хабарлады. Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ осындай тағы 12 жалғама салынып, екі балабақшада күрделі жөндеу жүргізіліп жатқанын айтты. Жаңа жылға қарай нысандардың тапсырылуы 2011 жылдың қаңтарында мыңнан аса бүлдіршіндерді балабақшаларға бөлуге мүмкіндік бермек.

Екінші қабатында округ әкімдігі орналасқан Балықшы поселкесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығында облыс әкімі селолық округ әкімдерімен кеңес өткізді. «1997 жылға дейін аудан орталығы боп есептелген поселкеде қазір 23 мың адам тұрады. 15 апатты үй кешікпей күреуге кетпек, олардың орнына жөнді баспаналар мен әлеуметтік нысандар салынатын болады. Біз бір жарым жыл ішінде балық консервілеу зауытының көлемін қалпына келтіріп, жұмысшылар санын 2,5 мың адамға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді ол. Содан соң қала әкіміне Атырау ЖЭО-мен поселкеде ыстық сумен қамту жұмыстарын ұйымдастыру туралы келіссөздер бастауға тапсырма берді.

Округтік әкімдер мерзімі жеткен мәселелер туралы айту үшін басшылықпен кездесуді оңтайлы пайдаланды. Балықшы поселкесінің әкімі Құрсай мен Ширинадағы мектептердің апатты ахуалы туралы хабарлады. Геолог әкімі тағы бір дәрігерлік амбулатория сұрады. Қайыршақты әкімі Бесіктінің жанында орналасқан 15 ауладан тұратын кішкене ауыл үшін газ жүргізуді өтінді. Еркінқала әкімі Мәдениет үйінің апатты жағдайына шағымданды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.