Атырау, 18 желтоқсан 21:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Сарбаздар борыштарын өтеуге аттанды

5 520 просмотра

Отан алдындағы борыштарын өтеу үшін жүз елуден астам қала тұрғыны биылғы күзде еліміздің түкпір-түкпіріне аттанды. Бір жылдан кейін жігіттер шекарашылар, десанттар және танкистер боп оралмақ.

Атырау қаласының келісім-шарт бойынша әскерлерді жасақтау және әскерге шақыру бөлімінің  бастығы Руслан ӘМІРОВТІҢайтуынша, әскерге шақыру желтоқсанның аяғына дейін созылмақ. Әскери қызметке қанша адамды жіберу жоспарланып отырғандығы, неліктен екені белгісіз, әскери құпия боп шықты.

«Биылғы жылы ешкімді дерлік әскери борышын өтеуге мәжбүрлеген жоқпыз, - дейді ол телефонмен арқылы. - Әрине, әскери қызметтен жалтарғандар болды, бірақ олардың саны жыл сайын азайып келеді».

Бізге анық болғандай, әскери қызмет еткен уақыт және бастысы - қалтадағы әскери билет жұмыс табуда жаңа мүмкіншіліктерге жол ашады. Айтпақшы, әскери комиссариатта  әскер қатарына шақырылғандарды жақсы тілек сөздерімен және әсерлі сыйлықтармен шығарып салу дәстүрге айналған. Шағын ғана пакет ішінен болашақ жауынгерлер қалам, дәптер мен конверттер таба алады. «Тез бейімделулеріне сеп болады. Қалай дегенмен де олар ыстық ұяларынан кетіп барады ғой», - деп түсіндірді әскерилер.

Анастасия ПАСТУХОВА

8 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.