Атырау, 2 желтоқсан 00:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Бізде атауы жоқ 700-дей көше бар

3 890 просмотра

Облыстық әкімдікте жылжымайтын мүлікті мекен-жай бойынша тіркеу мәселелері жөнінде кеңес болып өтті.

Мекен-жай бойынша тіркеу «электронды үкімет» жүйесі үшін қажет. Атырау облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Айдос ДӘУКІШЕВТІҢ айтуынша, атаусыз біршама нысандар анықталған. Осыған байланысты Махамбет, Құрманғазы және Жылыой аудандарында шұғыл арада 76, 12 және 577 көшелерге тиісінше атаулар берілді. Облыс бойынша 98,5 мың жылжымайтын мүлік нысандары анықталған. Оның 80 мыңы дерекқорға енгізілген. Алайда Мақат ауданының мәліметтері шындыққа жанаспайды. Анықтамаларда Атырау қаласы мен Жылыой ауданында қайталанған нысандар анықталған. Тек Махамбет пен Құрманғазы аудандарының мәліметтері ғана шындыққа сай келеді. Атырау мен Құлсары қалалары бойынша осындай жұмыстар тиісінше 73% және 85% орындалған. Бұл осы жерде салынып жатқан құрылыстардың көп екендігіне байланысты.

БТИ өкілінің баяндамасынан: 2005-2007 жылдары мәліметтердің көп бөлігі әділет департаментіне мәліметтерді беру кезінде жоғалып кеткен. Ал 3,3 мың нысанға олардың сыңар-нысандары тіркелген. Жылжымайтын мүлікті қате тіркеу бюджеттің салық түсімдеріне әсер етеді. Сондықтан облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукенов қалалық әкімдік пен Жылыой ауданының әкімдігіне 2011 жылдың наурызына дейін, ал басқа аудандарға биылғы жыл аяғына дейін нысандарды тіркеу тәртібін ретке келтіруді тапсырған болатын.

Кеңеске қатысқан облыс әкімі аудандардағы қазіргі ахуалды сынға алды. Оның айтуынша, село халқы қалаға көшуге, мұнай саласында вахтамен жұмыс істеуге талпынады, қазір ауыл шаруашылығымен айналысуды ешкім де қаламайды екен. Ол келер жылы ауыл шаруашылығын дамытуға әжептәуір қаржы тартуға уәде берді. «Егер жергілікті тұрғындар селоны көтеруге қатыспайтын болса, мен оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен оралмандардан ниет білдірушілерді шақыратын боламын», - деді ол.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.