Атырау, 22 желтоқсан 11:57
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Әлемде

Түркия АҚШ-қа террорлық топты қолдау жөнінде ашық наразылық білдірді Әлемде

Түркия АҚШ-қа террорлық топты қолдау жөнінде ашық наразылық білдірді

Түркия үкіметі көптен бері Иран, Ирак, Сүрия және Түркия жеріндегі күрдтердің территориясын қамтыған дербес Күрдістан құруды мақсат еткен ПКК террорлық тобын барынша айыптаумен келеді. Түркия жақ Құрама Штатты ПКК-ны қолдап отыр деп бірнеше рет айыптаған болатын. 10 қараша 2017, 13:15 2 449 рет қаралды
Түркия премьері АҚШ-қа виза беріле бастауын оң бағалады Әлемде

Түркия премьері АҚШ-қа виза беріле бастауын оң бағалады

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым АҚШ-тың түркиялықтарға қайтадан виза бере бастауын "жақсы қадам" деп бағалады. Дегенмен винистр Вашингтон Анкара сұратып отырған дін қайраткері Фетхулла Гүленді экстрадициялау керек деп есептейді. Йылдырым бұл жайында Вашингтонға баратынының қарсаңында мәлімдеді. Вашингтонда ол АҚШ вице-президенті Майк Пенспен кездеседі. 8 қараша 2017, 11:11 2 019 рет қаралды
Путиннің Иранға сапарында Сирия мен мұнай мәселесі талқыланбақ Әлемде

Путиннің Иранға сапарында Сирия мен мұнай мәселесі талқыланбақ

Ресей президенті Владимир Путин 1 қарашада Тегеранға жасайтын сапарында Иран президенті Хассан Роуханимен және рухани көсемі аятолла Әли Хаменеимен кездеседі. Кремльдің хабарлауынша, кездесуде Сириядағы дағдарыс және энергетика саласындағы ынтымақтас мәселелері талқыланбақ. 1 қараша 2017, 14:49 2 153 рет қаралды
Әзербайжан, Грузия және Түркияны жалғайтын теміржол ашылды Әлемде

Әзербайжан, Грузия және Түркияны жалғайтын теміржол ашылды

Әзербайжан, Түркия және Грузия басшылары 30 қазанда үш елді байланыстыратын 826 километрлік теміржол желісін ашты. Осылайша, Ресейді айналып өтіп, Қытай мен Еуропаны байланыстыратын жүк және жолаушы тасымалдау желісі ашылды. 105 километр жаңа бөлігі бар теміржолда жылына бір миллион жолаушы мен бес миллион тонна жүк тасымалдауға болады. 31 қазан 2017, 09:44 1 943 рет қаралды
Ердоған: Түркияға Еуропа қажет емес, Еуропаға Түркия керек Әлемде

Ердоған: Түркияға Еуропа қажет емес, Еуропаға Түркия керек

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Анкарада Еуропаға қатысты жасаған мәлімдемесі бірқатар шетелдік басылымдардың атышулы тақырыптарына айналды. Ол өз сөзінде: "Түркияға Еуропа қажет емес, Еуропаға Түркия керек" деген болатын. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.  24 қазан 2017, 16:28 1 939 рет қаралды
Анкара: АҚШ-пен дипломатиялық жанжалды реттеуге келістік Әлемде

Анкара: АҚШ-пен дипломатиялық жанжалды реттеуге келістік

Түркия мен АҚШ билігінің өкілдері екі ел арасындағы дипломатиялық жанжалды шешу үшін келіссөз жүргізуге уағдаласты. Бұл туралы екі ел дипломаттарының "конструктивті" келіссөзінен соң 12 қазанда Түркия вице-премьері Бекир Боздаг хабарлады. 13 қазан 2017, 10:10 2 528 рет қаралды
Түркияда қамаудағы белсенділерді 15 жылға дейін соттауды сұрады Әлемде

Түркияда қамаудағы белсенділерді 15 жылға дейін соттауды сұрады

Түркия прокурорлары арасында Amnesty International құқық қорғау ұйымының Түркиядағы басшылары бар 10 белсендіні 15 жылға дейінгі мерзімдерге соттауды сұрады. Бұл туралы AI мен түркиялық ақпарат құралдары хабарлады. 9 қазан 2017, 09:46 1 558 рет қаралды
Роухани мен Ердоған: Күрдістан референдумына қарсы "шара" жасаймыз Әлемде

Роухани мен Ердоған: Күрдістан референдумына қарсы "шара" жасаймыз

Иран президенті Хассан Роухани мен Түркия президенті Режеп Ердоған Ирактың Күрдістан автономиялық аймағында тәуелсіздік туралы референдум өткен соң аймақта шекараның мызғымастығын қамтамасыз ететін шаралар жасайтынын мәлімдеді. 5 қазан 2017, 16:17 2 345 рет қаралды
SOHR: Сирияда бір айда 3 мыңнан астам адам құрбан болды Әлемде

SOHR: Сирияда бір айда 3 мыңнан астам адам құрбан болды

Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымы қыркүйекте ұрыс қимылдарында қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен содырлар саны 3055-ке жеткенін хабарлады. Биыл Сирияда бір айда осыншалықты көп адам қаза таппаған. 2 қазан 2017, 10:46 1 943 рет қаралды
Путин мен Ердоған Анкарада кеңес өткізді Әлемде

Путин мен Ердоған Анкарада кеңес өткізді

Ресей президенті Владимир Путин кеше ресми сапармен Анкараға барып, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қабылдауында болды. Екі ел басшыларының бұл кездесуі туралы алғаш осыдан екі апта бұрын белгілі болған еді. Кезекті кездесу барысында екі ел арасындағы маңызды тақырыптар талқыланды деп хабарлады «Түрік теле-радио» қызметінің ресми сайты. 29 қыркүйек 2017, 10:00 2 553 рет қаралды
Ердоған: Егер Күрдістан тәуелсіздігін жариялайтын болса, онда күрд халқы аш қалады Әлемде

Ердоған: Егер Күрдістан тәуелсіздігін жариялайтын болса, онда күрд халқы аш қалады

Егерде Ирак Күрдістаны аймақта өткен референдумнан кейін тәуелсіздігін жариялайтын болса, онда күрд халқы аш қалады – деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға сілтеме жасап.  27 қыркүйек 2017, 09:43 2 003 рет қаралды
Ирактағы Күрдістан автономиясы референдум өткізді Әлемде

Ирактағы Күрдістан автономиясы референдум өткізді

Ирактағы Күрдістан автономиясы орталық биліктің қарсылығы мен көршілес мемлекеттердің қысымына қарамастан, тәуелсіздік жолындағы референдумын өткізді. Референдумның дауыстары әлі саналып жатыр, бірақ автономияның дербес мемлекет болуын қолдайтындардың үлес салмағы басым деген сенімді пікірлер аз емес. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды. 26 қыркүйек 2017, 11:37 2 701 рет қаралды
Бүгін Күрдістан тәуелсіздік үшін референдум өткізеді Әлемде

Бүгін Күрдістан тәуелсіздік үшін референдум өткізеді

Ирактағы Күрдістан автономиясының басшысы Масуд Барзани осы айдың 25 қыркүйегіне жоспарлаған жеке тәуелсіз мемлекет болу статусын анықтайтын референдум өткізу туралы ойынан бас тартпайтынын мәлімдеді. Ал Ирактың Президенті Фуад Масум (ұлты - күрд) Масуд Барзанидің бұл әрекетін "сауатсыз шешім" деп атаса, елдің Премьер-министрі Хайдер  әл-Абади референдумға тосқауыл болу үшін тиісті шаралар қолданатынын хабарлады.   Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.  25 қыркүйек 2017, 10:32 2 694 рет қаралды
Путин Түркияға барып, екі ел арасындағы мәселелерді ақылдасады Әлемде

Путин Түркияға барып, екі ел арасындағы мәселелерді ақылдасады

Ресей мен Түркия басшылары келесі аптаның бейсенбі күні бас қосып, екі мемлекет арасындағы келелі мәселелерді – Сүрия мәселесін және Түркияның Ресейден сатып алатын S-400 қорғаныс жүйесі төңірегіндегі істерді кеңесетін болды. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты жазды. 21 қыркүйек 2017, 14:45 2 588 рет қаралды
БҰҰ бас хатшысы Ирак Күрдістанында референдум өткізуді қолдамайды Әлемде

БҰҰ бас хатшысы Ирак Күрдістанында референдум өткізуді қолдамайды

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Ирак Күрдістанының тәуелсіздігі туралы қыркүйектің 25-іне жоспарланған референдум "Ислам мемлекеті" террорлық тобына қарсы күрестен және жихадшылардан азат етілген аудандардағы жағдайды тұрақтандыру ісінен назарды басқаға бұрады деп санайды. Бұл туралы жексенбі күні БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді деп хабарлайды Reuters. 18 қыркүйек 2017, 11:03 2 611 рет қаралды
Түркия: НАТО-ның сенімді одақтасы болып қаламыз Әлемде

Түркия: НАТО-ның сенімді одақтасы болып қаламыз

Түркия НАТО-ның сенімді одақтасты болып қала беретінін мәлімдеді. Түркия президенті Режеп Ердоғанның өкілі Ибрагим Калин Анкараның Мәскеумен жақсы қарым-қатынас орнатуы Түркия Батыс елдерінен іргесін ажыратады дегенді білдірмейтінін айтты. 15 қыркүйек 2017, 10:32 1 925 рет қаралды
Түркия президенті S-400 жүйесін сатып алуға қол қойғанын Астана сапары кезінде айтты Әлемде

Түркия президенті S-400 жүйесін сатып алуға қол қойғанын Астана сапары кезінде айтты

НАТО мен Түркия арасындағы таласты мәселенің бірі Ресейдің S-400 қорғаныс жүйелерін Түркияның сатып алу ісі болатын. Бұл мәселеде НАТО мүшелері «ресейлік қорғаныс жүйелері ұйымның стратегиялық қауіпсіздігіне қатер төндіреді» деп қарап, Түркияның ресейлік әуе қорғаныс жүйесін сатып алуына қарсы болып келген. 13 қыркүйек 2017, 11:42 2 659 рет қаралды
Ирак Парламенті Күрдістан автономиясының референдумына қарсы дауыс берді Әлемде

Ирак Парламенті Күрдістан автономиясының референдумына қарсы дауыс берді

Ирак Парламенті Күрдістан автономиясының жеке мемлекет ретінде тәуелсіздік алу туралы бастама көтеріп, осы айдың соңына қарай референдум өткізбек болған ойын қолдаған жоқ. Депутаттар Ирактың тұтастығын сақтап қалуға дауыс берді. 12 қыркүйек 2017, 16:39 1 544 рет қаралды
Анкара: Түрік шенеунігі Иранға қарсы санкцияны бұзған жоқ Әлемде

Анкара: Түрік шенеунігі Иранға қарсы санкцияны бұзған жоқ

Түркия экономика министрі Нихат Зейбекчи АҚШ прокуратурасының Түркияның бұрынғы экономика министрі және мемлекеттік Halkbank банкінің бұрынғы басшысы Зафер Чаглаянға таққан "БҰҰ-ның Иранға қарсы санкцияларын бұзуға талпынды" деген айыбын терістеді. АҚШ тергеушілерінің дерегіне қарағанда, Чаглаян "америкалық банктер арқылы Иран үкіметі мен мемлекеттік мекемелері есебіне жүздеген миллион доллар жолдағысы келген". 8 қыркүйек 2017, 10:05 2 016 рет қаралды
Мен Ресейге қарсы шығуға дайынмын – Рамзан Қадыров Әлемде

Мен Ресейге қарсы шығуға дайынмын – Рамзан Қадыров

Шешенстан президенті Мьянмадағы болған үкіметтік күштер мен рохинджа мұсылмандары арасында орын алған қанды оқиғаларға байланысты өзінің ашық пікірін білдірді. Бұл туралы caravan.kz хабарлады. 4 қыркүйек 2017, 16:22 2 561 рет қаралды
Ердоған Германияның Сыртқы істер министріне "орныңды біл" деп ұрсып тастады Әлемде

Ердоған Германияның Сыртқы істер министріне "орныңды біл" деп ұрсып тастады

Германияның сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль түрік өкіметін Германиядағы сайлау науқанына араласты деп айыптаған болатын. Ердоған оған Денизли қаласында сөйлеген сөзінде жауап берді деп хабарлайды Baq.kzақпарат агенттігі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. 21 тамыз 2017, 11:03 2 145 рет қаралды